«Ескелді ауданы Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 «Ескелді ауданы Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Сырымбет ауылы                                                                                2021 жыл 06 сәуір

          

КІРІСПЕ БӨЛІМ

         «Ескелді ауданы Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 02 сәуірдегі №17 н/қ өкімі негізінде ағымдағы жылдың 02-06 сәуір айы аралығында бірінші тоқсан бойынша әкімшіліктің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

      1) мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

      2) мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

     3) мекеменің мемлекеттік қызмет көрсетуі.

 

 МЕКЕМЕНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҚОЗҒАЙТЫН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ.

 

"Ескелді ауданы, Сырысбет ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ құрылтай құжаттарына сәйкес 2013 жылдың 06 наурызынан бастап, заңды тұлға ретінде тіркелген. Өз қызметінде:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2) Қазақстан Республикасының жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы;

3) Қазақстан Республикасының құқықтық актілері туралы Заң; ;

4)  "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; »;

5) "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы»;

6)  "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; ;

7)  Қазақстан Республикасының Жер кодексі;

Қазақстан Республикасының Заңдарын жұмыс барысында басшылыққа алып, сонымен қатар  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу принциптері, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №147 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарда құжаттама мен құжаттаманы басқарудың стандартты қағидалары; Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №144 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымына конкурс өткізу қағидаларын; 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасымен бекітілген мемлекеттік қызметшілер үшін тәртіптік жаза қолдану қағидаларды; Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу, үйлестіру, мемлекеттік тіркеу және күшін жою қағидаларын; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 06 қазандағы №568 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және кассалық қызмет көрсету қағидаларын; Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы №540 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрі 2015 жылғы 11 желтоқсанда бекіткен және Ескелді ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 ақпандағы №36 Қаулысын, "Ескелді ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің стандартты қағидаларын, сондай-ақ "Ескелді ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге түзетулермен және өзгерістермен Ескелді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 8 қаулысын ескере отырып, жұмыс жасауда.

            Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталған жоқ. " Ескелді ауданы Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты " ММ қабылданған ережелерге сәйкес жұмыс істейді. 

ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ, СОНЫҢ ІШІНДЕ КАДРЛАРДЫҢ АУЫСУЫ

Штат кестесі бойынша " Ескелді ауданы Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты " ММ қызметкерлері 11 адамды құрайды, оның ішінде:

- 5 мемлекеттік қызметшілер;

- 6 еңбек шарты бойынша (мемлекеттік қызметшілер болып есептелмейді).

Әкім аппаратында мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны-5, бос орын жоқ.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттердің әкімдерін сайлауды өткізу туралы" Жарлығына сәйкес 2021 жылғы 10 ақпанда округ әкімі сайланды.

Округ бойынша 3 ай ішінде мемлекеттік қызметкерлер құранда 2 өзгеріс орын алды. Жаңадан окргг әкімі сайланды және жаңа маман мемлекеттік қызметке жұмысқа алынды. Еңбек шарты бойынша жұмысшылардың құрамында өзгерістер болған жоқ.

Жұмысқа қабылдаудың әрбір фактісі заңнамада көзделген рәсімге сәйкес жүргізіледі.

Сондай-ақ, "Ескелді ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу фактілері анықталған жоқ.

         Талдау жүргізу кезеңінде жұмыстан босату, жұмысты жоғарылату немесе төмендету фактілері болған жоқ. Сондай-ақ, "Ескелді ауданы Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ қызметкерлері арасында даулар немесе мүдделер даулары тіркелген жоқ. 

Мүдделер қақтығысын реттеу

"Ескелді ауданы Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ қызметкерлерін талдау барысында жақын туыстарының, жұбайларының немесе жақындарының бірлескен жұмыс фактілері анықталған жоқ.

Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде мемлекеттік қызметшілердің әлеуетті өнім берушілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді және тыйымдарды бұзу фактілері анықталған жоқ.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету

"Ескелді ауданы Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бар.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша талдауды жүзеге асыру кезінде жеке тұлғалар Egov.kz электрондық портал арқылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы ЭЦҚ қолдана отырып 99 қызмет алды. Негізінен тұрғындар ЭЦҚ ашу, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, соттылықтың болуы немесе болмауы, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтама алу, зейнетақы анықтамалары және т.б. сияқты қызметтерді алды.

Ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары бар стенд ілінген.

Бақылау функцияларын іске асыру

Әкім аппаратының қызмет түрлері:

- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеп, қарау;

-  мемлекеттік қызметтер көрсету;

- Мемлекеттік сатып алуды өткізу;

- салықтық алымдар.

        

      ҚР "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңына сәйкес әкім аппаратына 2021 жылдың 3 айында заңды тұлғалардан - жоқ, жеке тұлғалардан – 1 өтініш түсті. Көрсетілген мерзімде қарастырылды. Жеке қабылдауына 5 адам әр түрлі сұрақтармен кіріп, қабылдау барысында сұрақтарына толығымен жауап берілді.

           "Ескелді ауданы Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің персоналды басқаруды реттеу, мүдделер қақтығысын талдау бойынша қызметін талдау барысында, бақылау қызметін жүзеге асыру кезінде, ұйымдастыру-басқару қызметі бағытында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындыларын назарға ала отырып, жұмыс тобы мынадай қорытындыға келді.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде стандарттарды қатаң сақтау ұсынылады .

 

 

Сырымбет ауылдық округінің әкімі                                        Д. Бақбергенұлы

 

«Ескелді ауданы Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
02 апреля 2021