2021 жылдың І тоқсанына
«Алматы облысы Ескелді ауданының Қайнарлы ауылдық округі
әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша
аналитикалық анықтама
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Занының 8 бабы 5 тармағы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидалары негізінде «Ескелді ауданы Қайнарлы ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау затына ішкі талдау жүргізілді.
Ішкі талдау жүргізу үшін Қайнарлы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 9 ө-нқ – өкімімен жұмыс тобы құрылды.
Талдау жүргізілетін уақыт кезеңі –2021 жылдың І тоқсаны.
Қайнарлы ауылдық округінің әкімі Қайнарлы ауылдық округі аумағында Ескелді аудандық әкімдігінің лауазымдық тұлғасы болып танылады және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен оған жүктелген функцияларды жүзеге асырады.
Штаттық кестеге сәйкес әкім аппаратында 5 бірлік мемлекеттік қызметкерлер, солардың ішінен әкім – 1 бірлік, бас маман – 3 бірлік, жетекші маман – 1 бірлік бекітілді.
Техникалық қызметкер: жастар ісі жөніндегі әдіскер – нұсқаушы – 1 бірлік, спорт жөніндегі әдіскер – нұсқаушы – 1 бірлік, бағдарламашы – 1 бірлік, еден жуушы – 1 бірлік .
Мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы талаптарына сәйкес лауазымдарына қабылданды.
Қызметшілер және техникалық қызметкерлер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес лауазымдарына қабылданды.
Талдау жүргізу кезеңіне кадрларды орналастыру және таңдау кезінде жерлес, қолдампаздық, туыстық фактілер белгіленген жоқ. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметті нашарлататын тәртіптік жазаға тартылған жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.
2021 жылдың І тоқсанында Қайнарлы ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде жеке құрам бойынша 5 өкім, негізгі қызмет бойынша 9 өкім шығарылды. Аталған актілерге талдау жасау нәтижесінде, жемқорлық тәуекелдеріне қатысты кемшіліктер анықталған жоқ. Берілген ұсыныстар мемлекеттік сатып алудың камералдық тексерісіне қатысты ескертулер келіп түскен кемшіліктері назарға алынып жойылған. 2021 жылғы І тоқсанында 7 жеке және заңды тұлғалардын өтініштері Web-ЕУОЛ бағдарламасына тіркелген, оның ішінде – 1 жеке қабылдауында келіп түскен өтініш. 6 өтініш жер және жерді пайдалану туралы.
Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы “Е-өтініш” ақпараттық жүйесінің базасы бар, әзірше өтініштер түскен жоқ.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерімен бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке қабылдау жүргізіледі. Ғимаратта арыз және шағымдарға арналған жәшік орнатылған. Арыз және шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметкерлерде бекітілген лауазымдық нұсқаулықтары бар. Олардың орындалуы округ аумағындағы мемлекеттік саясатын жүргізуге, жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуге бағытталған. Осы мақсатпен ел Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру және ақпараттау бойынша тұрғындармен кездесулер, тұрғындар жиылыстары, активтің жиналыстары жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі болып табылады. Қайнарлы ауылдық округі әкімі аппаратында 2021 жылдың І тоқсанында 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді. ызметтер ақысыз негізінде көрсетіледі. Әкім аппараты 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді толық мәлімет Ескелді ауданы әкімінің ресми сайтында және Қайнарлы ауылдық округі әкімі аппаратында стендтерінде орналасқан.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Қайнарлы ауылдық округі әкімі аппаратына шағым түспеді.
Округ тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтері бойынша стандартын және регламентін бұзулар айқындалған жоқ.
«Қайнарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де электронды қызмет көрсету бұрышы жұмыс істеуде. Ауыл тұрғындары өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы ЭЦҚ ашып өзіне керекті анықтамаларды алалады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер «Қызметтер мониторингі» жүйесі бойынша есептік ақпаратты жинақтау тек электронды түрде, жүйе арқылы жүргізіледі.
Ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік сатып алулар «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңы және ҚР қаржы Министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген электронды мемлекеттік сатып алуларды жүргізу қағидалары негізінде жүзеге асырылады. 2021 жылдың І тоқсанында жұмыстарды, қызметтерді және тауарларды сатып алуға электронды мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру бойынша 15 келісім шарт жасалынды. Әкім аппаратының 2021 жылға мемлекеттік сатып алу жоспары мемлекеттік сатып алу порталында орналасқан. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуге жауапты бас маман - К.Башенова, мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
Жоғарыда аталған негізінде жұмыс тобы, «Ескелді ауданы Қайнарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық қауіптері анықталған жоқ деген шешімге келді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу үшін сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың адын алуды насихаттау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуді ұсынды.
Д.С.Идрисов Қайнарлы ауылдық округі әкімінің м.а.
Д.С.Жұмағали Бас маман
Б.С.Танабаев Жетекші маман
Н.Кармысов Ветеринарлық дәрігер
Ш.Ахмеджанова Кітапханашы