«Көкжазық ауылдық округінің әкімінің аппараты» мемлекетті мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
Көкжазық ауылы 31 наурыз 2021 жыл
Кіріспе бөлімі
Көкжазық ауылдық округінің әкімінің 2021 жылдың 01 қазандағы № 9 Н/Қ өкіміне сәйкес «Көкжазық ауылдық округінің әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды 25.03.2021 - 31.03.2021 ж аралығы бойынша атқарылған жұмыстарына 01.01.2021-25.03.2021 аралығында жүргізді.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8- бабы 5 тармағы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес ішкі талдау келесі бағыттарда жүргізілді. «Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша келесілер зерделенді:
персоналды басқару және соның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша ;
мүдделер қақтығысын реттеу бойынша ;
мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ;
рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша ;
бақылау функцияларын іске асыру бойынша ;
ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер бойынша.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде аппараттың штаттық кестесіне сәйкес адам саны-12 нақты жұмыс істейтіні-10 адам оның ішінде; Мемлекеттік қызметшілер саны - 6, (басшы округ әкімі-1 бірлік) , бас маман -3 бірлік (Бас маман іс жүргізушінің орны 2021 жылғы 9 наурыздан бос), жетекші маман-2 бірлік, техникалық қызметшілер саны - 5 бірлік (мемлекеттік қызметшілер емес) Кадрлық тұрақсыздық жоқ.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған.
«Көкжазық ауылдық округінің әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша мүдделер қақтығысы, басшымен аффилиирленген аппарат қызметкерлерінің болуы фактісі анықталған жоқ, аппарат қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде. Мүдделер қақтығысы жоқ.
Аппаратта негізгі 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында артық құжаттар немесе қызмет көрсетуден бастарту фактілері анықталған жоқ.Барлық мемлекеттік қызметтер бойынша стандарттар мен регламенттері ілінген ақпараттық стенді ұйымдастырылған. Округ тұрғындары мен қонақтарына арналған «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылған.Қосымша атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтініштерді электрондық үкімет ВЕБ порталы арқылы беру үшін 2 компьютер толық құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Электрондық бұрыш арқылы 2021 жылдың 1 тоқсанында келесідей қызметтер алынған:Жалпы көлемі-46 соның ішінде 17 азаматқа электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП), атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы - 7 өтініш, жергілікті мекен-жайы бойынша тұрғын үйге тіркеуге отыру үшін-13, және басқасы - 9 мемлекеттік қызметттер көрсетілген. "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 72 қызмет көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты мен регламентіне сәйкес, өтініш беруге қажетті құжаттардың түбегейлі тізбесі, құжаттарды қабылдаудан бас тарту және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелерінің тізбесі белгіленген. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық қаупі аз.
Аппараттың мемлекеттік қызметшілері қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
«Көкжазық ауылдық округінің әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
«Көкжазық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 102 кіріс, 53 шығыс құжаттары тіркелсе, жеке және заңды тұлғалардан 5 өтініш келіп түскен.Соның ішінде 3 өтініш толығымен қанағаттандырылып, 1-өтініш жоғары тұрған органға жіберілген.Округ әкімінің жеке қабылдауында 1 өтініш түсіп, түсіндіру жұмыстары берілген.Округ әкімінің әлеуметтік желілері арқылы азаматтарды онлайн қабылдауы ұйымдастырылған. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңына сәйкес Барлық өтініштер уақытылы тіркеліп, уақытылы жауап берілген.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдігіне ішкі талдау жүргізу қортындысына сәйкес жұмыс тобы шешім қабылдады:
1.Кадрлық тұрақсыздықты болдырмау жұмыстарын қадағалау.
С.Талдыбаев
М.Жумабаев
А.Омарова
А.Тайсиреков
А.Абдолдин