Ескелді ауданы Бақтыбай ауылдық округінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
Бақтыбай ауылы 02 сәуір 2021 жыл
Кіріспе бөлімі
«Ескелді ауданы Бақтыбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ –нің округ әкімінің 2021 жылдың 01 сәуіріндегі № 38ө-нқ өкіміне сәйкес , Бақтыбай ауылдық округінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында 04.01.2021 - 31.03.2021 жж. аралығында істелген жұмыстарға 01-02 сәуір аралығында ішкі талдау жүргізді.
Аппараттың миссиясы: өз құзіреті шегінде жергілікті мәселелер бойынша, ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясаттың жүргізілуі және де әлеуметтік экономикалық даму жөніндегі бағдарламалардың орындалуын қамтамсыз ету болып табылады.
Функциясы: Қазақстан Республикасының заңдылықтарын, Президент актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ескелді ауданы әкімдігінің актілерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамсыз ету, округ әкімнің актілерін дайындау.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабы 5 тармағы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес, ішкі талдау келесі бағыттарда жүргізілді:
Бақтыбай ауылы әкімі аппаратында 2021 жылғы штаттық кесте бойынша 15 бірлік, әкім орынбасары – 1, бас маман -3, бас маман салық инспекторы – 1, жетекші маман есепші –1, жетекші маман іс жүргізуші – 1, бас маман заңгер – 1, әдіскер нұсқаушылар-2, оператор-техник- 1, техникалық қызметкерлер-3. 2021 жылдың ақпан айының 25-нен бастап округ әкімі аудандық ауылшаруашылығы бөлімнің басшы қызметіне тағайындалды. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ҚР «Мемлекеттік қызмет түрі» туралы заңына сәйкес конкурс негізінде жүзеге асырылып отырады.
Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актірлерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.
Аппараттың қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.
«Мемлекеттік сатып алуды» өткізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді және мемлекеттік қызметшілердің әлеуетті өнім берушілермен тыйымдарын бұзу фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша.
Аппарат мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі өз қызметінде "Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзге де нормативтік - құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Аппарат мемлекеттік қызметтердің 7 түрін көрсетеді.
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
- Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру
- Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру
- Елді мекен шегінде жер учаскесін беру
- Жекелеген ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну 40 қызмет
- Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу
- Мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою (7 жасқа дейін)
2021 жылдың сәуір айына дейін Бақтыбай ауылдық округі бойынша 40 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Тұрғындарды ақпараттандыру үшін аппарат ғимаратында стандарттар мен регламенттер, анықтамаларға арналған телефон нөмірлері және өтініш бланкілерінің үлгілері қойылған стенд орналасқан. Көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және электрондық форматқа көшу мақсатында әкімдік ғимаратында "еgov" порталына шығатын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша талдауды жүзеге асыру кезінде жеке тұлғалар электрондық портал арқылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 520 қызмет алды Egov.kz, ЭЦҚ пайдалана отырып (негізінен тұрғындар мекенжай анықтамасын алу, соттылықтың болуы немесе болмауы, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы, зейнетақы анықтамалары және т.б. сияқты қызметтерді алды). Аппарат Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндігі туралы қызмет алушыларды мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелерін, жарияланымдарды өткізу жолымен ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізеді.
Тікелей байланыс қаупі
Аппаратта қызмет алушымен тікелей байланысу қаупі бар, өйткені кейбір мемлекеттік қызметтер қағаз түрінде көрсетіледі.
Аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметіне байланысты өзге де мәселелер.
Аппаратта "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау жүргізіледі. "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы, жан-жақты және объективті қарау қамтамасыз етілді.
Қорытынды бөлім:
Жоғарыда баяндалғанның негізінде Бақтыбай ауылдық округінің әкіміне:
Комиссия мүшелері :
Бақтыбай ауылдық округі әкімінің м.а. А. Е. Саскебаев
Бас маман іс жүргізуші К. Т. Манасова
Бас маман заңгер м.а. А.Б.Бегасилова
Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Б. А. Орманов
Ветпункт меңгерушісі Б. К. Саурбеков