2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында
«Алматы облысы Ескелді ауданының Ақын Сара ауылдық округінің
әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша аналитикалық анықтама
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Занының 8 бабы 5 тармағы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидалары негізінде «Ескелді ауданы Ақын Сара ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау затына ішкі талдау жүргізілді.
Ішкі талдау жүргізу үшін Ақын Сара ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 16Ө – өкімімен жұмыс тобы құрылды.
Талдау жүргізілетін уақыт кезеңі – кезеңі 2021 жылдың қаңтар айының 05 мен наурыз айының 31.
«Ескелді ауданы Ақын Сара ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдар әрі – әкім аппараты) 2013 жылғы 07 наурыздағы (БСН 130340006184) 284-1907-21-ММ заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы анықтама негізінде әрекет етеді, өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасы заңдарына, Президент және Қазақстан Республикасы Үкімет актілеріне, басқа нормативтік – құқықтық актілеріне, (Ескелді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 қантардағы № 8 қаулысымен бекітілген) «Ескелді ауданы Ақын Сара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Ақын Сара ауылдық округінің әкімі Ақын Сара ауылдық округі аумағында Ескелді аудандық әкімдігінің лауазымдық тұлғасы болып танылады және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен оған жүктелген функцияларды жүзеге асырады.
Штаттық кестеге сәйкес әкім аппаратында 5 бірлік мемлекеттік қызметкерлер, солардың ішінен әкім – 1 бірлік, бас маман – 3 бірлік, жетекші маман – 1 бірлік бекітілді.
Техникалық қызметкер: жастар ісі жөніндегі әдіскер – нұсқаушы – 1 бірлік, спорт жөніндегі әдіскер – нұсқаушы – 1 бірлік, бағдарламашы – 1 бірлік, көлік жүргізуші – 1 бірлік, еден жуушы – 1 бірлік, күзетші – 1 бірлік.
Мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы талаптарына сәйкес лауазымдарына қабылданды.
Қызметшілер және техникалық қызметкерлер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес лауазымдарына қабылданды.
Талдау жүргізу кезеңіне кадрларды орналастыру және таңдау кезінде жерлес, қолдампаздық, туыстық фактілер белгіленген жоқ. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметті нашарлататын тәртіптік жазаға тартылған жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.
2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында Ақын Сара әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде жеке құрам бойынша 5 өкім, нормативтiк-құқықтық сипаттағы жеке және заңды тұлғалар үшін 16 өкім шығарылды. Аталған актілерге талдау жасау нәтижесінде, жемқорлық тәуекелдеріне қатысты кемшіліктер анықталған жоқ. Берілген ұсыныстар мемлекеттік сатып алудың камералдық тексерісіне қатысты ескертулер келіп түскен кемшіліктері назарға алынып жойылған. 2021 жылғы қаңтар-наурыз ай ішінде түскен 3 (2020 жылдың ішінде–1) жеке және заңды тұлғалардын өтініштері Web-ЕУОЛ бағдарламасына тіркелген, соның ішінде арыздар басқада (сұраныс, ұсыныс) –болған жоқ, 3 жазбаша түскен өтініш бәрі жеке тұлғалардан. 2 өтініш қанағаттандырылды, 1 өтінішке түсініктеме берілді, қараусыз қалған өтініштер жоқ, уақытында қарастырылды, орындау мерзімдері бойынша фактілер анықталған жоқ, өтініш берушілер тарапынан шағым түскен жоқ. Бәрі 3 өтініш жер және жерді пайдалану туралы.
Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы “Е-өтініш” ақпараттық жүйесінің базасы бар, әзірше өтініштер түскен жоқ.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерімен бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке қабылдау жүргізіледі. Ғимаратта арыз және шағымдарға арналған жәшік орнатылған. Арыз және шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметкерлерде бекітілген лауазымдық нұсқаулықтары бар. Олардың орындалуы округ аумағындағы мемлекеттік саясатын жүргізуге, жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуге бағытталған. Осы мақсатпен ел Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру және ақпараттау бойынша тұрғындармен кездесулер, тұрғындар жиылыстары, активтің жиналыстары жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі болып табылады. Ақын Сара ауылдық округі әкімінің аппаратында 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында мемлекеттік қызмет көрсетілмеді, оның ішінде ХҚҚО арқылы – 0 қызмет. Қызметтер ақысыз негізінде көрсетіледі. Әкім аппараты 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді толық мәлімет Ескелді ауданы әкімінің ресми сайтында және Ақын Сара ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының стендтерінде бар.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Ақын Сара ауылдық округі әкімі аппаратына шағым түспеді.
Мемлекеттік қызметтер ауылдық округ әкімдігімен көрсетіледі, себебі әкім аппаратында электрондық әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету бар (бұдан әрі – ЭӘШБЕА БҚ) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) осы қызметтер ЖАО және Мемлекеттік корпорация арасындағы жалпы ықпалдастырылған ақпараттық жүйенің жоқтығына байланысты көрсетілмейді, порталға жүгіну интернеттің жоқтығы және қосылуды қаламау себебінен мүмкін емес.
Округ тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтері бойынша стандартын және регламентін бұзулар айқындалған жоқ.
«Ақын Сара ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де электронды қызмет көрсету бұрышы бар. Онда ауыл тұрғындары өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы ЭЦҚ ашып өзіне керекті анықтамаларды алалады.
Қозғалысы шектеулі мүгедектерге қызметкерлерге қонырау шалу үшін қоңырау орнатылған. Көру шектеулі мүгедектерге мекеменің атауы, жұмыс уақыты кестесі және ауыл әкімінің аты-жөні Брайль шрифт жазуымен мандайшалары жасалып ілінген. «Жетісу-адалдық алаңы» жобасы кеңсесі ашылып жұмыс істеуде.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер «Қызметтер мониторингі» жүйесі бойынша есептік ақпаратты жинақтау тек электронды түрде, жүйе арқылы жүргізіледі.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының 13–бабына сәйкес ауылдық округінің әкімі жеке және заңды тұлғалардың жеке қабылдауын жүргізеді. Қабылдау кестесі азаматтар үшін қолжетімді жерде орналасқан.
Өтініш берушілерге жауап заңмен белгіленген мерзімде ұсынылған. ЖТ және ЗТ өтініштері бойынша бұзушылықтар айқындалған жоқ.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35–бабына сәйкес «Ақын Сара ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ міндеттеріне рұқсат етуші және бақылау функциялары кірмейді.
Ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік сатып алулар «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңы және ҚР қаржы Министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген электронды мемлекеттік сатып алуларды жүргізу қағидалары негізінде жүзеге асырылады. 2020 жылдың 9 айында жұмыстарды, қызметтерді және тауарларды сатып алуға электронды мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру бойынша 17 үрдіс жүргізілді.
Әкім аппаратының 2021 жылға мемлекеттік сатып алу жоспары мемлекеттік сатып алу порталында орналасқан. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуге жауапты бас маман - Б.Данабаева, мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша бұзушылықтар айқындалған жоқ.
Әкім аппаратындағы аппараттық кеңестерде, жалпыға бірдей құқықтық оқуларында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын зерделеу және талқылауы жүргізілуде. Сондай-ақ «сенім телефоны» бар. Ағымдағы уақыт кезеңіне мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеттеріне шағым және өтініш түскен жоқ.
Әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілері Ескелді ауданының мемлекеттік кірістер басқармасына кірістер туралы Деклорациясына өзгерістер енгізілуіне байланысты мамыр, маусым айларында жоспар бойынша өткізеді.
БАҚ –да «Ескелді ауданы Ақын Сара ауылдық округінің әкім аппараты» ММ қатысатын сыбайлас жемқорлық жоспардағы сыни жарияланымдар жарияланған жоқ.
Жоғарыда аталған негізінде жұмыс тобы, «Ескелді ауданы Ақын Сара ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық қауіптері анықталған жоқ деген шешімге келді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу үшін сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың адын алуды насихаттау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуді ұсынды.
Ақын Сара ауылдық округінің әкімі Б.Рахимжанов
Келісілді: Г.Секенова ______________ Д.Жантасова_______________