«Ескелді ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
Қарабұлақ ауылы 29 наурыз 2021 жыл
Кіріспе бөлімі
«Ескелді ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ Ескелді ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 маусымындағы № 141 қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес жұмыс атқарады.
Бөлімнің негізгі миссиясы: бөлім заңнамасымен қарастырылған Ескелді ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының мөлшері және теңгерімді қамтамасыздандырылуына бағытталған, басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін, салааралық үйлестірілген тапсырмаларын орындалуын, мемлекеттік жоспарлау жүйесінін құру және дамыту бойынша аудан деңгейіндегі саясатты іске асырады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 16 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларына, 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу келесі бағыттарда жүргізілді:
БӨЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҚОЗҒАЙТЫН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
Бөлімнің өз қызметін жүзеге асыру кезінде басшылыққа алатын заңнамалар
- «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ.
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Заңы
БӨЛІМНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
Бөлімнің штат саны 2021 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша штаттық кестеге сәйкес 3 бірлік, нақты жұмыс істеп жүргендер - 3.
Талдау барысында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық әрекеті тіркелмегендігі және лауазымды тұлғалардың әрекетіне шағым түспегендігі анықталды. Жағымсыз себептермен жұмыстан босату жоқ. Сотталғандар жоқ. Барлық қызметкерлер лауазымдарына тиісті біліктілік талаптарына сай келеді.
Қолжетімді жерде ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің мәтінімен стенд орнатылған. Барлық қызметшілер әдеп кодексінің мәтінімен таныстырылған. Бөлімде көпшілікке қолжетімді жерде «сенім телефоны», жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған жәшік орнатылды, сонымен қатар, бұйрықпен жауапты тұлға бекітілген.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк қызметшi өзiнiң жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тiкелей бағыныстағы мемлекеттiк лауазымды атқару фактілері анықталмаған. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатып алулар бөлімде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңына және «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Өнімдер, жұмыстар мен қызметтер электронды түрде мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы қамтамасыз етіледі және жеткізушімен тікелей байланысты жояды. Электрондық форматқа арналған келісім шарттың пайда болуы сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы нақты ақпаратты бере отырып, олардың орташа сатып алу бағасын анықтауға мүмкіндік берді. Мемлекеттік сатып алулардың электрондық келісімшарттар мен басқа да нормаларды енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік берді.
Мемлекеттік қызметтердің тізіліміне сәйкес, бөлім келесі мемлекеттік қызметті көрсетеді:
Аталған мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері қол жетімді, баршаға көрінетін жерде орналасқан.
Жоба кемшіліктерінің бірі аудан орталықтарында кредиттің сомасы тұрғын үй сатып алуға жеткіліксіз болғандықтан тұрғын үйге қолжетімділіктің төмен болуы байқалады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімінің жылдық жоспары бекітіліп, жұмыстар атқарылуда.
Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің басшысы С. Тулепбергенов
Бас маман С. Жайнакова
Ескелді ауданы мәслихатының
депутаты С. Жолдыбаев