«Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
Қарабұлақ ауылы 02 сәуір 2021 ж.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы, Алматы облысы Ескелді ауданы әкімі аппарат басшысының 2021 жылғы 30 наурыздағы №85-05-85/731 хаты және «Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №12н/қ бұрйығы негізінде 2021 жылдың 30 наурызбен 2 сәуір аралығын қамти отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Ескелді ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 16 шілдедегі №173 «Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту қаулысымен бектілген Ереже бойынша «Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызмет атқарады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабы 5 тармағы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес ішкі талдау келесі бағыттарда жүргізілді:
Құқықтық қолдану тәжірибесін зерделеу мақсатында, келесі Қазақстан Республикасының Заңдары және нормативтік құқықтық актілері қаралды:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысы. Бүгінге күнге 6 қызмет көрсетілді.
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады делінген. Алайда, сервистік бағдарламалық өнімінің жұмыстары толық аяқталмағаннан кейін, тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебіне толық емес отбасы ретінде құжаттарын тапсырса «Толық емес отбасы» мәртебесі расталған жоқ, өйткені жұбайы/зайыбы «АХАЖ» мәліметтері бойынша тіркелген (өтініш иелерінде неке бұзу немесе қайтыс болу куәлігі растаушы құжаттар ретінде тіркелген), балалары «АХАЖ» АЖ- табылмады және бірге тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеуде тұрғанымен басқа мекен-жайы бойынша тіркелгендігі анықталды деп база арқылы кемшіліктер орын алуда.
2) «Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 5 мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
Заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдарды зерделеу барысында сыбайлас жемқорлық іс-қимыл мәселесі бойынша бөлімнің атына ақпарат немесе шағым түскені анықталмады.
Нәтижесінде бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды және басқа да теріс қылықтарды жасағаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілкке тартылғандықтары жөніндегі деректер мен мәліметтер анықталмаған.
1) Сервистік бағдарламалық өнімінің жұмыстарын қалпына келтіру туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне және «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 2021 жылғы «____» ______________ хаты негізінде хат жолданған. (хат көшірмесін қосымшаға сәйкес ұсынамыз).
«Ескелді ауданының тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж. Ертурганов
«Ескелді ауданының тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бас маманы А. Алимбаева