ЖОБА
«Ескелды ауданы бойынша мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім
беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының
мөлшерін бекіту туралы» қаулысының күшін
жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылдың 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ескелді ауданы әкімдігінің «Ескелді ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» 2019 жылғы 12 қыркүйегіндегі № 226 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5232 тіркелген, 2019 жылдың 19 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Тулақбаевқа жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Р.Рақымбеков