Ескелді ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), Қарабұлақ ауылы мен ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

    ЖОБА

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 11-бабының 1-тармағына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:      

  1.       Ескелді ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің 1-қосымшасына  сәйкес бекітілсін.
  2. Қарабұлақ ауылы және ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекалары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 2, 3-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
  3.       Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Экономика, бюджет, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік пен әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі комиссия» тұрақты комиссиясына жүктелсін.          
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2022 жылдың 01 қантарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат                                         Аудандық мәслихаттың

сессиясының төрағасы                                   хатшысы

Ескелді ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), Қарабұлақ ауылы мен ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Дата публикации
10 марта 2021