Ескелді ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері
мен тәртібін айқындау туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Ескелді аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Ескелді ауданындағы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
- Ескелді аудандық маслихатының «Ескелді ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2020 жылы 18 тамыздағы № 67-382 шешімімен күші жойылған.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Ескелді аудандық мәслихатының «Әлеуметтік қорғау, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары және қоршаған ортаны қорғау мәселесі жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.