Ескелді ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалуы туралы есеп

Ескелді ауданының 2016-2020 жылдарға арналған

даму бағдарламасының орындалуы туралы есеп

Есеп беру кезеңі: 2020 жыл__

Ескелді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы No 79-435 шешімімен бекітілген

«Ескелді ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі

  1. Аналитикалық жазба

 

2020 жылға жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша мынадай

нәтижелерге қол жеткізілді.

 

2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда аудан экономикасының барлық салаларында оң серпін сақталды.

2020 жылғы бекітілген бюджет 9 млрд. 907,7 млн. теңгені құрады, наурызда, сәуірде, шілде айында нақтылау кезінде аудан бюджеті 15 млрд. 458,5 млн. теңгеге жетті.

2021 жылғы 1 қаңтарда аудандық бюджет шығыстары 14 млрд. 57 млн. теңгені құрады, орындалуы 99,6% -ды құрады.

Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау жоспары 112,3% -ға орындалды және 2 млрд. 187 млн. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджетке 456 млн. теңге немесе болжамға 101,9%, жергілікті бюджетке - 1 млрд. 731 млн. теңге (115,4%).

2020 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі – 37 млрд. 898,4 млн. теңгені құрап, нақты көлем көрсеткіші –102,7 %-ды болды. (2019 жылдың 12 айы – 35 млрд. 333,5 млн. теңге). Оның ішінде мал шаруашылығында - 15 млрд. 519,5 млн. теңгеге,  өсімдік шаруашылығында – 22 млрд. 244,2 млн. теңгеге өнім алынды.

             Ауылшаруашылық дақылдарының барлық себілген жер көлемі – 50 255 га, оның ішінде масақты дәнді дақылдар 27 363 га, майлы дақылдар 12 540 га, картоп 2 315 га, көкөніс 1 014 га, бақша 65 га-ға себілді.

Ағымдағы жылы масақты дәнді дақылдарды жинау жұмыстары бойынша 26,6 мың гектар (100%) алаңда 67 мың тонна өнім орылып, орташа гектар өнімділігі 25,2 центнерді құрады.

             Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін 48 мың тонна картоп (100%), 24,7 мың тонна көкөніс (100%), 2,2 мың тонна бақша дақылдары (100%), 27,2 мың тонна майбұршақ (100%) жиналды.

             Қант қызылшасын жинап-өткізу бойынша шаруашылықтарға барлық мүмкіндіктер жасалынып, бақылауға алынып 3415 гектардан 190 мың тонна тәтті түбір жиналды. Орташа өнімділік 556 ц/га құрады.

Мемлекет тарапынан қолдау көрсету мақсатында аудан бойынша егін шаруашылығындағы қант қызылшасының тұқымына, зауытқа өткізген өніміне субсидия  алуға құжаттар қабылданып, 955,8 млн. теңге көлемінде қаражат берілді.

             Мал шаруашылығында барлығы 12191,3 тонна мал және құс еті өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 106,9 %-ға артты, 33650,1 тонна сүт сауылып (104,1 %), әр сиырдан сауылған сүт орташа 2746  литрден айналды,  7,6 млн. дана жұмыртқа өндіріліп (104,0 %), 344,4 тонна жүн алынды (113,9 %).

             Аудан бойынша 2020 жылдың 12 айында мал басының барлық түрінен өсім сақталуда:  40 700 бас ірі қара,135 601 бас қой мен ешкі, 12 417 бас жылқы, 1 714 бас шошқа, 97 бас түйе және 56 510 құс бар.

             Ауданға 2020 жылы жалпы соммасы 572,7 млн. теңгеге  39 жаңа ауылшаруашылық техникалары алынды.

             2020 жылдың 12 айында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 5 млрд. 451,4 млн. теңгені құрады, нақты көлемінің индексі 100,6 пайызды құрады. (2019 жылдың 12 айы – 10 млрд.316 млн. теңге).

             Істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны  2736 бірлікті құрады, жұмыспен қамтылғандар саны – 5352 адам. Өткен жылдың 12 айында шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке 891,6 млн. теңге түсті.

2020 жылдың 12 айында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 5 млрд. 451,4 млн. теңгені құрады, нақты көлемінің индексі 100,6 пайызды құрады. (2019 жылдың 12 айы – 10 млрд.316 млн. теңге).

Істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны  2736 бірлікті құрады, жұмыспен қамтылғандар саны – 5352 адам. Өткен жылдың 12 айында шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке 891,6 млн. теңге түсті.

 

2020 жылдың 12 айында 16 млрд. 290,1 млн. теңге инвестиция тартылды, (2019 год- 11 млрд.842,2 млн. тенге),нақты көлем индексі 109,3 %, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен 10 млрд. 548,7 млн. теңге, жалпы көлемдегі үлес 64,7 % құрайды.

 

Ауданда келесі инвестициялық жобалар іске асырылуда:

  1. «АСПМК-519» ЖШС-нің Чажа өзенінде ГЭС-2 құрылысы. Жобаның құны 9,3 млрд.тенге, қуаттылығы 25,8 МВт, 18 жаңа жұмыс орны.
  2. "ТекТау" ЖШС Бал құю және орауды ұйымдастыру және салу (құны 97 млн.тг. жылына 96 тонна қуаты, 10 жаңа жұмыс орны). Қазіргі уақытта нысан пайдалануға берілді.
  3. "Лито Микс" ЖШС құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру цехының құрылысы". Жобаның жалпы құны 90 млн. теңге, 25 жаңа жұмыс орны. Бүгінгі күні нысан пайдалануға берілді.
  4. «Салем-Құс» ЖШС-нің «Бөдене жұмыртқасын өндіретін құс фермасының құрылысы» жобасы іске асырылуда. Жобаның құны 103,0 млн.тенге, 20 жаңа жұмыс орны. Бүгінгі күні нысан қолданыста.
  5. ЖК "Апорт" құрылыс және қызмет көрсету бойынша қысқы, жазғы демалыс аймағы, аквапарк және бассейндер, кафе, жазғы алаңдар. Жобаның жалпы құны 117,0 млн.теңгені құрайды, 24 жаңа жұмыс орны. Бүгінгі күні нысан пайдалануға берілді.
  6. «Дүйсенбинов» Шаруа қожалығы «бордақылау алаңының құрылысы». Жобаның жалпы құны 50 млн. теңге, 5 жаңа жұмыс орны. Бүгінгі күні нысан пайдалануға берілді.

 2020 жылдың 12 айында құрылыс жұмыстарының көлемі 15 млрд. 184 млн. теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 4 млрд. 169 млн. теңгеге артты, нақты көлем индексі – 102,2 %.

33 елді мекеннің 32-сі орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, бұл 96,7% құрайды.

2020 жылы 1 елді мекенде: Қоңыр ауылында 237,2 млн.теңгеге сумен жабдықтаудың жаңа жүйелері пайдалануға берілді.

Сондай – ақ, Бақтыбай ауылындағы Алматы-Өскемен трассасының бойында 240,3 млн.теңге сомасында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

"Өңірлерді дамыту" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 9 ауылдық округте жалпы сомасы 37,5 млн.теңгеге балалар және спорт алаңдарын жайластыру, көшелерге қиыршық тас төсеу, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою жұмыстары жүргізілді.

2021 жылы осы бағдарламаны жүзеге асыруға ауданның ауылдық округтеріне 37,5 млн.теңге бөлінді.

"АУЫЛ-ЕЛ БЕСІГІ" жобасы аясында ауданда 2 млрд. 340 млн. теңгеге әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды жөндеу және салу бойынша 6 жоба іске асырылуда.

1) Қарабұлақ ауылындағы орталық аудандық аурухана стационарын күрделі жөндеу жұмыстарына 873 млн. теңгені  бөлінді. Жөндеу жұмыстары аяқталды.

2) Қарабұлақ ауылындағы Алдабергенов көшесіне 475,0 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

3) М. Байысов ауылындағы Рустембеков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен күрделі жөндеу жұмыстарына 606,0 млн. теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары 2021 жылдың 15-і наурызда аяқталады.

4) Қарабұлақ ауылындағы жылу желілерінің құрылыс жұмыстарына – 715,0 млн. теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары аяқталды. (екі көппәтерлі тұрғын үй Акименко көшесі 50 пәтер, Балпық би көшесі, 44 пәтер қосылды, газбен жылытуға қосылғаннан кейін Мәдениет үйі, мектеп, балабақша, АІІБ, прокуратура, Сот қосылатын болады).

5) Қарабұлақ ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін құрылыс жұмыстарына 1 млрд. 73 млн. теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстары аяқталды.

6) М. Байысов ауылындағы К.Байсеитова көшесін орташа жөндеуге – 22,7 млн. теңге бөлініп, жұмыстары аяқталды.

 

Ескелді ауданы бойынша "Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы" бағдарламасы аясында жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 4 млрд. 824 млн. теңгеге 61 инфрақұрылымдық жоба әзірленді, оның ішінде:

     1) Әлеуметтік-мәдени нысандарды күрделі жөндеуге – (Қаратал орта мектебі (455,7 млн. тенге); Бақтыбай ауылының мәдениет үйі (764,0 млн. тенге) жоба өтпелі).

2) Әлеуметтік-мәдени нысандарды ағымдағы жөндеуге - 23 жобаға  87,4 млн. теңге бөлініп, жұмыстары аяқталды. (21 мектептің ішкі дәретханаларын ағымдағы жөндеу-46,9 млн. тенге; Қарабұлақ ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты мен бассейнінің фасадын ағымдағы жөндеу - 22,4 млн. тенге; Ақын Сара ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратын ағымдағы жөндеу- 18,1 млн. тенге)

         3) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін жөндеуді қайта жаңартуға - Бақтыбай Жолбарысұлы ауылына сумен жабдықтау жүйесін қайта құру және салу үшін 584,5 млн. теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Жоба өтпелі. (халық саны-7238 чел. 1430 аула).

        4)Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін ағымдағы жөндеуге – 3 жобаға 81,1 млн. теңге бөлініп, толығымен аяқталды. (Қарабұлақ ауылының су жүйелерін ағымдағы жөндеу (31,8 млн. тенге); Қарабұлақ ауылының қазандығын ағымдағы жөндеу(20,2 млн. тенге); Қарабұлақ ауылының жылыту жүйелерін ағымдағы жөндеу аяқталды (25,8 млн. тенге).

     5) Қарабұлақ ауылында газ отынында блокты-модульді қазандық салу үшін – 684 млн. теңге бөлінді. Жұмыстары жүргізілуде. Жоба өтпелі.

    

     Қарабұлақ ауылындағы газ тарату желілерінің құрылысына – 1 млрд. 498 млн. теңге бөлінді; жұмыстар жүргізілуде.  Аяқтау мерзімі 2021 жылғы 06 маусым.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын "МБК Құрылыс" ЖШС атқарады, газ құбырының ұзындығы 160 км құрайды, орындалғаны – 84 км.

Абоненттерді газдандыруға қосу үшін "Жетысу – ОблГаз"ЖШС арасында " Хоум Газ " ЖШС консорциумы жасалды. Абонент үшін қосылу құны 1 метрге 2100 теңгені құрайды, газ қазандықтарының бағасы 165 мың теңге, сондай – ақ, "Жетісу-ОблГаз" ЖШС арқылы материалдар мен жұмыстарды бөліп-бөліп сатып алуға болады. Қазіргі уақытта абоненттерден 460 өтінім беріліп, 315 абонент газ тарату желілеріне қосылды.

     Сондай-ақ, ауданда 260 млн.теңгеге 8 елді мекеннің (Бақтыбай, Алдабергенов, Көкжазық, Теректі, М.Байысов, Өрқұсақ, Қаратал, Екпінді ауылдары) ЖСҚ әзірленуде.

        6) Инженерлік-көліктік инфрақұрылымды ағымдағы жөндеуге – 67,7 млн. теңге бөлініп, 6 жоба іске асырылды. (Алдабергенов, Қарабұлақ , Ақын Сара, Жалғызағаш, Бақтыбай, Сырымбет ауылдық округтерінің көшелеріне қиыршықтас себу жұмыстары жасалды.)

           7) Инженерлік-көліктік инфрақұрылымды орташа жөндеуге – 408,4 млн. теңге бөлініп, 12 жоба іске асырылды. (Алдабергенов, Бақтыбай, Төлеңгіт, Қарабұлақ, Жалғызағаш ауылдық округтерінің көшелері жасалды.)

     8) Елді мекендерді абаттандыруға – 125,0 млн. теңге бөлініп, 12 жоба аяқталды. (Қарабұлақ және Алдабергенов ауылдық округтеріне сыртқы жарықтандыру жасалды; Қарабұлақ, Өрқусақ ауылдарының қорымдары қоршалды; 3 балалар ойын алаңы жасалды; 4 спорттық алаң жайластыру жұмыстары аяқталды). Бүгінгі күні "Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы" бағдарламасы бойынша 61 жобадан 57 жоба аяқталды. (ДК, БМК, Газ, Бактыбай су жүйесі өтпелі жобалар).

Әлеуметтік сала бойынша 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жалпы сомасы 321 млн. 361 мың теңгеге 3828 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту» бағдарламасы шеңберінде барлық үш бағыт бойынша жоспарлы көрсеткіштер орындалды. 2020 жылы ауданда 2210 жаңа жұмыс орны ашылды.

Қысқа мерзімді курстарға 115 адам 2 колледжге 14 мамандықтар мен кәсіптер бойынша дайындық курстарына жіберілді, бүгінгі күні 103 адам оқуларын бітіріп оның ішінде 102 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Әлеуметтік жұмыс орнына - 63 адам, жастар тәжірибесіне – 55 адам және қоғамдық жұмыс орындарына   – 656 адам жіберілді.

Білім саласы бойынша ауданымызда күндізгі жалпы білім беретін 30 мектеп жұмыс істейді. Оның 19-ы орта, 6-ы негізгі, 5-і бастауыш. Мектепке дейінгі мекемелер бойынша 12 балабақша (оның ішінде: 9 мемлекеттік және 3 жекеменшік) және 20 мектепке дейінгі шағын орталық бар.

Қарабұлақ ауылындағы «Березка» бала бақшасының ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарының  жобалық сметалық құжаттарын дайындауға - 12 млн. 500 мың теңге бөлініп, құжаттары жасалды.

Ішкі істер органдарында тұрғындар қауіпсіздігін сақтау бойынша 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан  айларында 364 қылмыс тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда 28 %- ға азайып отыр (2019 ж. қаңтар-желтоқсан айларында тіркелген қылмыс – 508).

 

 «Ескелді ауданының экономика

және бюджеттік жоспарлау

 бөлімі» ММ-нің басшысы   ___________________ С. С. Төлепбергенов

                                                                   (подпись, фамилия, имя, отчество)

 

        Ескелді ауданы

       әкімінің орынбасары    ______________________  Е.Т. Ахметов

Ескелді ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалуы туралы есеп
Дата публикации
16 февраля 2021