Ескелді ауданының аумағында  карантин режимі және кейбір шектеу  шараларын енгізу туралы

ҚАУЛЫСЫ                                                                        ПОСТАНОВЛЕНИЕ                                                

12 қаңтар 2021 жылы № 1                                                       12 января 2021 года  №1

Карабулак ауылы                                                                          село Карабулак

 

 Ескелді ауданының аумағында

 карантин режимі және кейбір шектеу

 шараларын енгізу туралы

 

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 104-бабының 2-бөліміне, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы»,  2020 жылғы 25 желтоқсандағы  №68  «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қаулысына, Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 8 қаңтардағы №1 «Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын енгізу туралы» Қаулысы, Ескелді ауданында коронавирустық инфекцияның қолайсыз эпидемиологиялық жағдайына байланысты (соңғы 14 күндегі ауру саны 46 жағдайды құрады, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 92,7 құрады) ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ескелді ауданында карантинді жалғастыру және кейбір шектеу шараларын енгізу. Карантин режимі мен мерзімдері «COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.
  2. Аудан әкімі, ауылдық округ әкімдеріне, аудандық полиция бөліміне және басқа да жұмылдырылған қызметтер қамтамасыз етсін:
    • Қазақстан Республикасы мен Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы Қаулыларын сақтау бойынша рейдтік тексерулер жүргізу жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді;
    • бір отбасы мүшелерінен басқа, 3 адамнан астам топтың орын ауыстыруына тыйым салуды;
    • 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуын шектеуді;

      2.4 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қаулысының 3-қосымшасына сәйкес алгоритімді сақтай отырып, кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз өткізуге рұқсат беруді (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);

      2.5 қоғамдық көлікке, таксиге, өнеркәсіптік аумақтарға, ауладағы балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізу;

      2.6 ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, тренингтерді, жаппай іс-шаралар (оның ішінде ертеңгіліктер, мерекелер ұйымдастыру), сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салуды.

  1. Аудан әкімі, ауылдық округ әкімдеріне, аудандық полиция бөліміне, аудандық кәсіпкерлік бөліміне, аудандық білім бөліміне, аудандық  "Атамекен" ҰКП филиалы келесі қызметтердің тоқтатылуын қамтамасыз етсін:

        3.1 Ескелді ауданының орта мектептерін. 9-11сынып оқушыларды қашықтықтан оқытуға ауыстыру;

        3.2 Көксу ауылшаруашылық колледжін. Барлық студенттерді қашықтықтан оқытуға ауыстыру;

        3.3 балалар кабинеттері/түзету орталықтары, балалар және ересектер білім беру орталықтары;

  1.  Ауылдық округ әкімдеріне, аудандық полиция бөліміне, аудандық кәсіпкерлік бөліміне, аудандық  "Атамекен" ҰКП филиалы демалыс күндері келесі қызметтердің тоқтатылуын қамтамасыз етсін:

         4.1 қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, дәмханалар, банкет залдары, асханалар, донер, барлар, лагманханалар, кәуапханалар т.б.);

         4.2 азық-түлік емес базарлар ;

         4.3 азық-түлік емес дүкендер;

         4.4 монша, сауна, массаж орталықтары;

         4.5 косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін сұлулық салондары, шаштараздар;

         4.6 бизнес-орталықтардың (кредиттік серіктестіктердің, микроқаржы ұйымдарының, сақтандыру компанияларының, нотариустың бухгалтердің және консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының және т.б.), айырбастау пунктері, ломбардтар;        

  1. Ескелді ауданының «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мен «Казпочта» АҚ бойынша филиалы қамтамасыз етсін:

        5.1 Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (оның ішінде арнайы ХҚКО, Call орталықтар) кезегін алдын ала брондау бойынша жұмысы ( сайтта Egov.kz, телеграмм-бот EgovKZBot2.0 коллцентр 1414) жұмыс уақыты сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді (бетперде, қашықтықты сақтай отырып), онлайн форматта максималды қызмет көрсету;

        5.2 «Қазпочта» АҚ  Ескелді ауданының филиалы бөлімшелердің онлайн көрсетілмейтін қызметтер үшін жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін белгілей отырып, үй-жайларындағы әлеуметтік қашықтық белгілері 2 метрден кем емес және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қызметкерлердің халыққа бір реттік қолғаптар мен медициналық бетпердемен қызмет көрсету.

  1. Ауылдық округ әкімдеріне, аудандық кәсіпкерлік бөлімі,  аудандық  "Атамекен" ҰКП филиалы   күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық  және маскалық режимді, сондай-ақ әлеуметтік ара-қашықтықты сақтай отырып, қызметке рұқсат беруді қамтамасыз етсін:

        6.1 ұжымдық іс-шараларды өткізбей діни нысандарда, мешіттерде (бес намазда)  құдайға сиынуға рұқсат беру, санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қаулысының (бұдан әрі –ҚР БМСД №67 Қаулысы) талаптарын сақтауды;

        6.2 қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар лагманханалар, кәуапханалар т.б.) залында 30-дан артық емес отыратын орын орнату, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және бір үстелде 4 адамнан артық емес отыратын орын бар үй-жайда, ҚР БМСД №67  қаулысының талаптарын сақтай отырып, белгіленген жұмыс кестесімен  жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін. Осы Қаулыда белгіленген жұмыс уақыты өткеннен кейін келушілердің түскі ас залында болуына тыйым салу. Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады (корпоративтер, банкеттер, тойлар, еске алу, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық, беташар және т. б.), қоғамдық тамақтану объектілерінде кальян қолдануға және фудкорт залдарының жұмысына тыйым салуды;

         6.3 ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, өнеркәсіптік, өндірістік кәсіпорындар, құрылыс компаниялары (құрылыс салушылар), ашық ауадағы құрылыс жұмыстары;

         6.4 ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, бизнес-орталықтардың (кредиттік серіктестіктердің, микроқаржы ұйымдарының, сақтандыру компанияларының, нотариустың бухгалтердің және консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының және т.б.), екінші деңгейдегі банктердің, айырбастау пунктерінің, ломбардтардың белгіленген жұмыс кестесімен  жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін;

         6.5   ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, халыққа байланыссыз қызметтер көрсету жөніндегі объектілердің (техникалық қызмет көрсету, автожуу,  шиномонтаждық  және басқалар) қызметі, белгіленген жұмыс кестесімен  жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін;

         6.6 ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің қызметі (шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер);

         6.7 ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, құрылыс дүкендері, көлік құралдары мен саяжай мүкәммалының қосалқы бөлшектерін сататын дүкендер, оптика (дүкендер), фотосалондар, гүл дүкендері;

         6.8 ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, толымдылығы 30%-дан аспайтын 1 келушіге 4 м2 есебімен үй-жай алаңы, кіре берісте термометриямен азық-түлік базары;

          6.9 ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, келушілерді тек медициналық бетперде киюге рұқсат беруді қамтамасыз ете отырып косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін сұлулық салондары, шаштараздар (алдын ала жазылу бойынша, 1 келушіге 4 ш. м. есебінен, ауысым бойынша жұмыс) белгіленген жұмыс кестесімен  жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін;

         6.10 моншалар, сауналар толымдылығы 50%-дан аспайтын, сондай-ақ 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес жағдайда, белгіленген жұмыс кестесімен  жұмыс күндері сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін.

  1. Карантиндік шаралар кезінде жұмыс істейтін мемлекеттік органдар (ұйымдар, кәсіпорындар), сондай-ақ меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілері мынадай санитариялық және дезинфекциялық режимдерді сақтауы қажет:

         7.1 қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалдырылады (штаттық кестеде 15-дан астам қызметкер болған жағдайда);

        7.2 маскаларды, қолғаптарды кию және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау. Халыққа қызмет көрсететін объектілерді уақтылы ауыстыру үшін бір рет қолданылатын маскалармен және қолғаптармен және температураны өлшеуге арналған бұйымдармен қамтамасыз ету;

         7.3 барлық объектілерде күшейтілген дезинфекциялық режимді қамтамасыз ету (қолды өңдеуге арналған санитайзерлер, дезковриктер орнату, бетін күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып үй-жайларды ылғалды жинау, желдету);

         7.4 үй-жайларда келушілердің әлеуметтік қашықтығын 2 метрден кем емес таңбамен белгілеу;

          7.5 ҚР БМСД № 67 Қаулысының талаптарына сәйкес қызметкерлер мен келушілердің санитарлық-карантиндік және шектеу шаралары талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін

  1. Ескелді ауданының тұрғындары мен қонақтарына:

          8.1 5 жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын қоспағанда, үй-жайларда, қоғамдық орындарда және қоғамдық көлікте маска режимін және кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау;

          8.2 адамдарды шақыруға және топтастыруға байланысты кез келген іс-шараларды (туған күндері, мерейтойлар, тойлар, еске алу және т. б.) өткізуге тыйым салу);

           8.3 бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан аспайтын топтармен саябақтарға, скверге және жағалауларға баруға рұқсат етіледі;

           8.4 ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға рұқсат етіледі (5 адамнан артық емес);

           8.5 респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (мұрынның ағуы, түшкіру, температура) жедел медициналық көмекті 103 нөмірі бойынша шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ, үйде дереу медициналық көмекке жүгіну.

  1. Аудандық полиция бөлімі қамтамасыз етсін:

9.1 карантиндік және шектеу шараларын бұзушылықтар анықталған кезде өз құзыреті және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде дереу шаралар қабылдауды, сондай-ақ осы фактілерді алдын алу мақсатында БАҚ-та кеңінен жария етуді қамтамасыз ету;

          9.2  қоғамдық орындарды патрульдеу бойынша шараларды күшейту, бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, еске алу және т.б.) өткізуді болдырмау үшін қоғамдық тамақтану объектілеріне ерекше назар аудару, жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзу немесе орындамау анықталған жағдайда дереу тиісті әкімшілік шараларды қабылдауды.

  1. Аудандық ішкі саясат бөліміне және бұқаралық ақпарат құралдары аудандық кәсіпкерлік бөлімі, аудандық "Атамекен" ҰКП филиалы:

10.1 қызметі тоқтатылған және рұқсат етілген объектілерді ақпараттық арналар, бейінді қауымдастықтардың қатысуымен бейнеконференциялар өткізу, қажетті ақпаратты ресми веб-ресурстарда орналастыру арқылы хабардар ету;

10.2 үй жағдайында халық арасында COVID-19 таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, жеке профилактика шараларын және ауру болған жағдайда мінез-құлық тактикасын күшейтуді жалғастыру;

10.3 ресми көздерден халық үшін шынайы ақпаратты орналастыру  (coronavirus2020.kz. anti-corona.kz, Үкіметтің, Денсаулық сақтау министрлігінің және әкімдіктердің ресми сайттары).

  1. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (объектілердің) басшылары, барлық жеке және заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, барлық меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан осы қаулының талаптарын қатаң орындасын.
  2. Осы Қаулыны барлық мүдделі органдардың, ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
  3.   Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы Қаулы күшіне енген сәттен бастап «Ескелді ауданында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын енгізу туралы»  Ескелді ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 03 желтоқсандағы №13 Қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  5. Осы Қаулы 2021 жылы 15 қаңтарда 07 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.

 

Ескелді ауданының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                          М.Сагадиев

 

Ескелді ауданының аумағында  карантин режимі және кейбір шектеу  шараларын енгізу туралы
Дата публикации
18 января 2021