VII шақырылған Ескелді аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Ескелді аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Ескелді ауданы бойынша сайлаушылар тізіміне 35486 азамат енгізілді, оның ішінде 29039 адам немесе 81,8 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.
Дауыс беруге 29039 адам қатысты, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерде 55 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 3 Саяси партия қатысты.
Дауыс беру кезінде Саяси партиялар үшін мынадай дауыс саны берілді:
«Nur Otan» партиясы – 26580 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 91,62 % дауысы;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2255 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,77% ;
«ADAL» саяси партиясы – 175 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,60%.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленген:
«Nur Otan» партиясы – 12 мандат;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы –1 мандат.
Ескелді аудандық сайлау комиссиясы