Ескелді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы
№25-165 «Ескелді ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ қабылдады:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ескелді ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2- тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«1) « Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желіліеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға»;
4-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«4. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлекуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16- бабында және «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2)тармақшасында, 12- бабының 2)тармақшасында және 13 бабының 2)тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.»;
6-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
7 тармақтың 2), 3), 5) және 10) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын;
«2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар – 26 айлық есептік көрсеткіш;»;
«3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар – 26 айлық есептік көрсеткіш;»;
«5) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға отбасы табыстарын есепке алмай – 5 айлық есептік көрсеткіш, оның ішінде: адамның иммунитет тапшылығы вирусы бар балаларға – екі есе ең төменгі күнкөріс деңгейі;»;
11 – тармақтың 3) тармақшалары алып тасталсын;
12 – тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«12. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады,содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.».
Ескелді аудандық
Мәслихатының сессия төрағасы
Ескелді аудандық мәслихатының
хатшысы