Ескелді ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 қазанындағы «Ескелді ауданы аумағында Тексеру (мониторинг) жүргізу тобын құру туралы» № 263 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 Ескелді ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 қазанындағы  

«Ескелді ауданы аумағында Тексеру (мониторинг)  жүргізу тобын құру туралы» № 263 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, 2020 жылғы 18 мамырындағы № 21-3/05-2417                  COVID-19 инфекциясының Қазақстан Республикасы аумағында пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасы негізінде, Ескелді ауданының әкімдігі

ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Ескелді ауданы аумағында карантин режимі кезінде қызметін жандандыратын нысандарға қатысты тексерулер (мониторинг) жүргізу тобы осы қаулының № 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Тексеру (мониторинг) жүргізу тобы өз қызметінде Алматы облысы әкімі орынбасарының жолдаған «Карантин режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын объектілерге тексеру (мониторинг) жүргізу алгоритмі» хатын басшылыққа алсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. Сапарбековке жүктелсін.

 

 

             Аудан әкімінің м.а.                                               Қ. Алибаев

Ескелді ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 қазанындағы «Ескелді ауданы аумағында Тексеру (мониторинг) жүргізу тобын құру туралы» № 263 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
25 декабря 2020