2021 жылға арналған аудандық бюджет

  Ескелді ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы

 

 

2008 жылдың 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылдың                                23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының            1) тармақшасына сәйкес, Ескелдi аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 9 264 870 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 204 680 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 101 981 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 45 500 мың теңге;

трансферттер түсімі 8 912 709 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 1 391 264 мың теңге;

нысаналы даму трансферттері 2 765 379 мың теңге;

субвенциялар 4 756 066 мың теңге;

2) шығындар 9 264 870 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 129 053 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 199 898 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 70 845 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 129 053 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                   129 053 мың теңге.

  1. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2021 жылға арналған резерві 9 252 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемдері 139 165 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

         Алдабергенов ауылдық округіне 6 843 мың теңге;

Ақын Сара ауылдық округіне 16 035 мың теңге;

Қаратал ауылдық округіне  17 576 мың теңге;

Төлеңгіт ауылдық округіне 14 450 мың теңге;  

Сырымбет ауылдық округіне 13 864 мың теңге;

Қайнарлы ауылдық округіне 16 222 мың теңге;

Қоңыр ауылдық округіне 18 698 мың теңге;

Көкжазық ауылдық округіне 17 719 мың теңге;

Жалғызағаш ауылдық округіне 17 758 мың теңге.

  1. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға;

елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру, елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру және санитариясын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыруға;

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Экономика, қаржы, бюджет және заңдылықты сақтау мәселелерін қамтитын» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

                                                                                                             

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

2021 жылға арналған аудандық бюджет
Дата публикации
23 декабря 2020