Ескелді ауданы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп тану туралы

 

Ескелді ауданы әкімдігінің қаулысының  күші жойылды деп тану туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Ескелді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысының Ескелді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 23 «Ескелді ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4531 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                         Е.Ахметов

Дата публикации
09 сентября 2026