
Ескелді ауданының 2024 жылдың
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Ауданның 2024 жылға арналған бюджеті 8 млрд. теңгені құрады.
2025 жылдың 01 қаңтарына аудан бюджетінің шығыстары 7039,3 млн.теңгені құрап, орындалуы 99,7 % құрады.
2024 жылдың 12 айында салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау жоспары 119,1 %-ға орындалып, 5159,2 млн.теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджетке 1259,7 млн.теңге немесе болжамның 95,7 %-ы, жергілікті бюджетке – 3899,5 млн.теңге түсті (129,4 %).
Өнеркәсіп
2024 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі – 8921,0 млн.теңге, нақты көлем индексі – 100,2 % құрады. Негізгі кәсіпорындар: «Каскад Каратальский ГЭС» ЖШС, ЖШС «Шеркет Прогресс», ЖШС «Ақ-Тас БЕРЕКЕ», ЖШС «КОМАН», ЖШС «АҚТАС», ЖШС «Афа-2», ЖШС «Медисон-2008», ЖШС «Алатау Мрамор».
Бөлшек тауар айналымы 12 айдың қорытындысы бойынша – 5632,7 млн. теңге, нақты көлем индексі – 100,2 % құрады.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 60 млрд. 125 млн. теңгені, нақты көлем индексі 104,5 % құрайды.
Биыл Ескелді ауданы бойынша егін жинау алаңы 51756,4 гектарды құрады, оның ішінде:
- дәнді дақылдар – 28376,6 га;
- майлы дақылдар – 10538,3 га;
- картоп – 1097,4 га;
- көкөністер мен бақша дақылдары 1029,0 га;
- қант қызылшасы 3062,93 га. Былтырғы жылмен
салыстырғанда 1162 га (2023 ж. - 1900 га) көбейді.
- жем-шөп дақылдары – 7651,8 мың га құрайды.
Екінші жыл қатарынан аудан фермерлері жақсы астық жинауда.
Сонымен қатар ауданда келесідей өнім жиналды:
дәнді дақылдар, оның ішінде: бидай 100% - ға (12748 га), жалпы алым 35313 тоннаны құрады, орташа өнімділігі гектарына 27,0 центнер, жаздық арпа 100% - ға (12921 га), жалпы алым 27000 тоннаны құрады, орташа өнімділігі гектарына 20,8 центнер, картоп 100% - ға (1097,4 га), жалпы алым 23045 тоннаны құрады, орташа өнімділігі гектарына 210,0 центнер, қант қызылшасы 100% - ға (3062,9 га), жалпы алым 157358 тоннаны құрады, орташа өнімділігі гектарына 513,0 центнер, көкөніс және бақша дақылдары 100% - ға (1029 га), жалпы алым 26156 тоннаны құрады, орташа өнімділігі гектарына 254 центнерді құрады.
Аудандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде сыйымдылығы 73 мың тонна болатын 61 бірлік қойма үй-жайлары бар және жаңа егіннің астығын қабылдауға және сақтауға дайын, сондай-ақ картоп пен көкөністерді сақтауға арналған сыйымдылығы 2000 тонна болатын 2 көкөніс қоймасы бар.
Мал шаруашылығында 2024 жылы барлығы 8824,6 тонна мал мен құс еті өндірілді (101,9 %), , 17751,5 тонна сүт өндірілді (102,7 %), 4554,1 мың дана тауық жұмыртқасы, (101,1 %).
Статистикалық деректер бойынша ауданда 40495 ірі қара (135,8% көбейген), 111447 қой (104,3 % көбейген), 12993 ешкі (104,4 % көбейген), 16578 жылқы (113,8 % көбейген), 34 түйе (85%), 617 шошқа (82,2 %), 38807 құс (111,5%) бар.
Шағын және орта бизнес
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2024 жылдың 12 айына 3528 бірлікті, жұмыс істейтіндер саны – 6878 адамды немесе жұмыспен қамтылған халықтың 31 %-ын құрады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке 2300,3 млн. теңге түсті, бұл жалпы салық түсімдерінің 44,5 % құрайды. Негізгі жеке кәсіпкерлер: КТ «Хильниченко», «ЦОЙ СУН –ДЯ», «Тажикеев Ж.», КХ «Нам», КХ «Дүйсембинов».
2024 жылдың 12 айында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 34,3 млрд. теңгені құрап, нақты көлемінің индексі – 193,9 %. Бюджеттік емес инвестиция көлемі – 27,0 млрд. теңгені құрап, жалпы инвестиция көлемінің 79 % құрады.
Инвестициялық жобалар:
1) Қора өзеніндегі ГЭС 3 құрылысының салу жобасы. (Жобаның қуаттылығы жылына 29 МВт, жаңа жұмыс орны 21, жобаның құны 10 млрд.теңге). Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.
2) «Тоғайбаев» ШҚ 100 бас мал бордақылау алаңын салу жобасы. (Жобаның қуаттылығы жылына 35 тонна ірі қара мал еті, жаңа жұмыс орны 5, жобаның құны 110 млн.теңге). Жоба толығымен іске қосылды.
3) «Албаков» ШҚ ет алу үшін мал өсіру жобасы (Жобаның қуаттылығы жылына 50 тонна ірі қара мал еті, жаңа жұмыс орны 5, жобаның құны 11 млн.теңге). Жоба толығымен іске қосылды.
4) «Жумабаева» ШҚ 24 га жер телімі берілді. Ірі қара мал, ұсақ мал және өсімдік шаруашылығы жобасы. (Жобаның қуаттылығы жылына 10 тонна ірі қара мал еті, жаңа жұмыс орны 24, жобаның құны 92 млн.теңге). Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, жоба толығымен іске қосылды.
5) «Тукебаев Б.» ШҚ - 14,2 га жер телімі берілді. Мал бордақылау алаңын салу жобасы (Жобаның қуаттылығы жылына 10 тонна ірі қара мал еті және 365 мың литр сүт, жаңа жұмыс орны 3, жобаның құны 50 млн.теңге). Құрылыс жұмыстарын аяқтаудың жоспарланған мерзімі 2024 жылдың қараша айының аяғы.
Құрылыс жұмыстары
12 айдың қорытындысы бойынша Құрылыс жұмыстарының көлемі 26,9 млрд. теңге, нақты көлем индексі – 230,5 % құрады.
Тұрғын үйлерді іске қосу (ввод жилья) – 13926 шаршы метрді құрады, нақты көлем индексі – 106,2 %.
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына жалгерлік тұрғын үй сатып алу бойынша берілген жоспар - 70 тұрғын үй.
Бір үйдің құны – 17 млн. 651 мың 700 теңге, ауданы – 60 шаршы метр.
70 - тұрғын үй сатып алатын қаражат – барлығы 1 342 670,0 мың теңге бөлінді (қаражат толығымен игерілді). Қатысқан құрылыс салушылар:
Сумен жабдықтау
- Алдабергенов ауылының су құбырын қайта жаңғырту және салу нысаны бойынша келісім шарттың жалпы құны – 791,4 млн.теңге. Бүгінгі күнге игерілген қаражат көлемі 721,6 млн, теңге, қалдық сомасы 69,8 млн. теңге.
Жұмыстары 2024 жылдың желтоқсан айында аяқталды. Жоба бойынша су құбырының ұзындығы 29,0 км құрайды, бүгінгі таңда 29,0 км толығымен салынды.
- Сырымбет ауылының су құбырын қайта жаңғырту және салу нысаны бойынша келісім-шарты 356,8 млн.теңгеге жасалды. Жұмыстар жүргізілуде.
Жасалған жұмыс көлемі 80%, жоба бойынша су құбырының ұзындығы 14,1 км, бүгінгі таңда 600 м. қалды.
Ақтұма ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта құру және салу объектісі бойынша «Монолит» ЖШС – мен шарт жасалды. Жалпы құны 178,1 млн. теңге. Қазіргі уақытта бұрын салынған су желілері жаңа желілерге қосылған, тұрғындарға су берілді.
Оның сыртында ауданда бірнеше жылдар бойы шешімін таппай жүрген мәселе, ол Қарабұлақ ауылындағы кәріз жүйелерінің жағдайы және тазарту қондырғылардың жоқтығы. Бүгінгі күнге «ЖетісуГипроСтрой» ЖШС-гі Қарабұлақ ауылынан Талдықорған қаласына дейін кәріз суларын әкететін құбырдың өтетін жерінің алаңы анықталып, «Жетісу су құбыры» МКК-на келісімге ұсынылды.
Жобалау-сметалық құжаттар сомасы – 29 млн. теңге. Жобаны аяқтау мерзімі 2025 жылдың мамыр айында сараптамадан шығады.
Газдандыру
Аудан бойынша 33 елді мекеннің 21-і газдандыруға жатады, оның 12-сі газдандырылды (Алдабергенов, Қарабұлақ, Өрқұсақ, Екпінді, Сырымбет, М.Баисов, Бақтыбай , Елтай, Жаңалық, Өтенай, Ешкіөлмес, Жетісу), газға 37,7 мың адам қол жеткізе алды (4212 абонент табиғи газға қол жеткізді).
Тағы 7 елді мекенде газ тарату желілерін салу жұмыстары жүргізілуде (Көкжазық, Теректі, Қаратал, Абай, Шымыр, Жастар, Ақтасты ауылдары).
Сондай-ақ, Қайнарлы және Жалғызағаш ауылдарына 2025 жылы газ тарту жоспарлануда Нәтижесінде газдандыруға жататын 21 елді мекен 2025 жылдың соңына дейін толық газға қосылады.
Атап айтсақ:
- Теректі ауылына газ тарату желілерінің құрылысын жүргізу үшін – 580,0 млн. теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде.
- Көкжазық ауылына газ тарату желілерінің құрылысын жүргізу үшін – 870,5 млн. теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Жоба өтпелі.
- Қаратал ауылына газ тарату желілерінің құрылысын жүргізу үшін – 800,9 млн. теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Жоба өтпелі.
Сонымен қатар биыл Ақтасты ауылын газдандыру жұмыстары басталды. Жоба өтпелі.
2025 жылы Қайнарлы ауылын газдандыру жұмыстары басталады. Қазіргі таңда конкурстық рәсімдер өткізілуде.
Жалғызағаш ауылын газдандыру бойынша ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданды.
Биғаш, Теңлік, Жеңдік ауылдарына ЖСҚ әзірлеуге бюджеттік өтінім берілді.
Әкімшілік ғимараттар
- Қаратал, Жалғызағаш, Ақын Сара ауылдық округтеріне әкімшілік ғимаратының блокті-модульдік кешенін орнату үшін – 150,0 млн. теңге бөлінді. Әкімшілік ғимараттары қолданысқа берілді.
Жарықтандыру және абаттандыру
- Қарабұлақ ауылындағы Жеңіс және Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан балалар алаңын скейт-парк етіп қайта жабдықтау жұмыстары аяқталды. Жоба құны - 28,8 млн.теңге.
- Ақын Сара ауылдық округіндегі спорт алаңын ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Жоба құны - 21,1 млн.теңге.
- Матай Байысов ауылындағы спорт алаңын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоба құны - 21,5 млн.теңге.
- Қарабұлақ ауылындағы Панфилов көшесі, 120 үй бойынша спорт және балалар алаңын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоба құны - 12,3 млн.теңге.
- Ескелді ауданының Талдықорған қаласы және Көксу, Кербұлақ, Ақсу аудандарымен шекараларына іргелес аумақтарды абаттандыра отырып, кіреберіс стеллаларының құрылысы жүргізіліп жатыр, жоба құны - 99,2 млн. теңге. Жоба өтпелі.
- Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы Суворов көшесінде электр желілерін салу жұмыстары іске асырылуда, Жоба құны - 125,5 млн. теңге. Аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың мамыр айы.
Автомобиль жолдары бойынша
Аудан бойынша жалпы көше саны – 7 көше, қаражат көлемі – 811,3 млн. теңге, ұзындығы – 10,7 км.
- Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында ұзындығы 1,7 км Ескелді би көшесін орташа жөндеуге 228,1 млн. теңге бөлінді. Жұмыстары аяқталды.
- Ескелді ауданы Бақтыбай ауылында ұзындығы 0,8 км Астана көшесін орташа жөндеуге 41,7 млн. теңге бөлінді. Жұмыстары аяқталды.
- Ескелді ауданы Бақтыбай ауылында ұзындығы 1,7 км Жансугуров көшесін орташа жөндеуге 142,3 млн. теңге бөлінді. Жұмыстары аяқталды.
- Ескелді ауданының Қаратал ауылында ұзындығы 3,0 км Алмабала көшесін орташа жөндеуге 255,8 млн. теңге бөлінді. Жұмыстары аяқталды.
- Ескелді ауданының Қаратал ауылында ұзындығы 3,5 км Кора көшесін орташа жөндеуге 143,4 млн. теңге бөлінді. Жұмыстары аяқталды.
Ағымдағы жылы - 17 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Әлеуметтік сала
Ескелді ауданы бойынша Ұлттық жоба аясында құрылатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспары 166. Орындалуы 170 адам 102,4%.
Ескелді ауданы бойынша тұрақты жұмысқа орналастыру жоспар бойынша 780 адам.
Орындалуы 943 адам 120,9%.
Электронды еңбек шарты 840 адам 89%
Міндетті зейнетақы жарнасы 785 адам 83%
Электронды еңбек шарты мен зейнетақы жарналарының пайызы төмендеп кету себебі желтоқсан айында ақылы қоғамдық жұмысты аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыспен қамтылды.Зейнетақы жарналарын қаңтар айында төлейді. ЭЕБ- бойынша жұмыстар жүргізілуде.
10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны жоспар бойынша 590. Орындалуы 452 орын 76,6%.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету жоспар бойынша 70 адам. Сәуір айынан бастап 70 адам оқуға жіберілді. Бөлінген қаражат 29 764,0 мың теңге.
Орындалуы 100%.
Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант (400АЕК) 18 адамға 26 582,0 мың теңге берілу жоспарланған.
Орындалуы 100%.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар бойынша 44 адам. Бөлінген қаражат 14 399,0 мың теңге. Әлеуметтік жұмыс орындарына ақпан айының 1-нен бастап 57 адам жұмысқа жіберілді.
Орындалуы 130%.
Жастар тәжірибесіне жоспар бойынша 60 адам, бөлінген қаражат 53 165,0 мың теңге. 71 адам жұмысқа жіберілді.
Орындалуы 118%.
Қоғамдық жұмыс орнына жоспар бойынша 390 адам, бөлінген қаражат 390 000,0 мың теңге. Қаңтар айынан бастап қоғамдық жұмыс орнына 476 адам жіберілді.
Орындалуы 122%.
Күміс жас жұмыс орнына жоспар бойынша 2024 жылы 75 адам, 74 763,0 мың теңге қаражат бөлінді. 82 адам жұмысқа жіберілді. Орындалуы 109%.
Бірінші жұмыс орнына жоспар бойынша 2024 жылы 45 адам, бөлінген қаражат 64 794,0 мың теңге. 46 адам жұмысқа жіберілді.
Орындалуы 102%.
Ұрпақтар келісім шарт жұмыс орнына жоспар бойынша 3 адам, 1 994,0 мың теңге қаражат бөлінді.3 адам жұмысқа жіберілді.
Орындалуы 100%.
Бас бостандығынан айыру мекемесінен босап шыққандарды тұрақты жұмыспен қамту квотасы жоспар бойынша 1 адам, 1 адам жұмысқа жіберілді.
Орындалуы 100%.
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға Квота жоспар бойынша 4 адам, 6 адам жұмысқа жіберілді.
Орындалуы 150%.
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру Квотасы Жоспар бойынша 5 адам.
Т.Рустембеков атындағы орта мектебі 1 адам, 1 адам жұмысқа жіберілді
Аудандық электр желісі 1 адам, 1 адам жұмысқа жіберілді
Орталық аурухана 3 адам, 3 адам жұмысқа жіберілді
Аудандық электр жүйесі станциясы 1 адам, орындалмау себебі стратегиялық аумақ болып табылады.
Орындалуы 80%
Мүгедекке арналған әлеуметтік жұмыс орны жоспар бойынша 1 адам, 1 адам жұмысқа жіберілді
Орындалуы 100%
Білім саласы
Ауданда 26 күндік жалпы білім беретін мектептер бар. Оның 19-ы орта, 5 - негізгі, 2 - бастауыш мектептер. Мектепке дейінгі мекемелер 15 балабақша (оның ішінде: 11 мемлекеттік және 4 жекеменшік) және 14 мектепке дейінгі шағын орталықтар бар.
М. Маметова атындағы орта мектебі күрделі жөндеу жұмыстарына – ағымдағы жылы 867,5 млн. теңге бөлінді және Қоңыр орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін - 731,6 млн. теңге бөлінді. Жұмыстары толығымен аяқталып, қолданысқа берілді.
Байысов балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 369,7 млн. теңге қаражат бөлініп, жұмыстары толығымен жасалып, бөлінген қаражат игерілді.
Алдабергенов ауылындағы «Қарлығаш» бөбекжайына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін – 27,1 млн. теңге бөлінді. Жұмысы толығымен жасалып, қаражат игерілді.
Денсаулық сақтау саласы
Бүгінде ауданда 31 медициналық мекеме жұмыс істейді. Оның ішінде: 1 орталық аудандық аурухана, 9 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік амбулатория және 13 дәрігерлік пункт.
2024 жылы Екпінді, Жаңалық, Ақешкі ауылдарына блокті-модульдік мед.пункт орнатуға – 95,6 млн.теңге бөлінді. Жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.
Мәдениет саласы
Аудан бойынша 1 аудандық Мәдениет үйі, 8 ауылдық Мәдениет үйі мен 2 ауылдық клуб бар.
- Қоңыр ауылына блокті-модульдік клубты орнату үшін – 158,0 млн. теңге бөлінді. Жұмыстары аяқталды. Қолданысқа берілді.
- Қаратал ауылында 100 орынды мәдениет үйін салу үшін жалпы бөлінгені – 828,0 млн.теңге, 2024 жылы – 443,5 млн. теңге бөлінді. Жұмыстары аяқталды. Қолданысқа берілді.
- Ақын Сара мен Жалғызағаш ауылдарына блокті-модульдік клуб орнату үшін – 221,2 млн. теңге бөлінді. Жұмыстары аяқталды.
- Шымыр, Жетісу, Елтай ауылдарына спорт кешенін орнатуға БМК (блокті-модульдік кешен) – 276,4 млн.теңге бөлінді. Жұмыстары аяқталды.
Ішкі істер органдарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың 12 айында аудандық полиция бөлімінде 211 қылмыс тіркелді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2%-ға азайған. (2023 ж. қаңтар-желтоқсан – 216 оқиға).