GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Әкім аппараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
14 сентября 2026
Құқық кабинеті

​​Назарларыңызға жеткіземіз, әкімдік ғимаратында өзіне-өзі қызмет бұрышы арқылы мемлекеттік қызмет қана емес құқықтық кабинеті де жұмыс жасауда, құқық кабинеті арқылы қолданыстағы және талқыланып жатқан нормативтік құқықтық актілермен таныса аласыздар.
Интернет желісімен және керек компьютер жабдықтарымен қамтамасыз етілген.

27 августа 2026
Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Мемлекеттік корпорация ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруда

2026 жылдың басынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің ауылдық елді мекендер тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді алу және цифрлық сервистерді пайдалану бойынша оқыту жұмыстарын жүргізді. Бір жарым ай ішінде еліміздің түрлі өңірлерінен 18 мыңнан астам азамат оқудан өтті.
Қазақстан Республикасында жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылып жатқан бұл бастама халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге және оларды онлайн форматта өз бетінше алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Өңірлер арасында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында оқытылған азаматтар саны басым.
Оқу сабақтарын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары еліміздің әр өңіріндегі ауылдық округтер мен елді мекендерде өткізді.
Сонымен қатар, жыл басынан бері «Таным» корпоративтік оқу орталығының қатысуымен облыс орталықтарында 5 мыңға жуық азамат оқытудан өтті. Сабақ барысында азаматтар мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде алу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік цифрлық инфрақұрылымның негізгі құралдары мен мүмкіндіктерін меңгерді.
Еске сала кетейік, электрондық мемлекеттік қызметтерді және заманауи онлайн-сервистерді пайдалануды тегін үйренгісі келетін азаматтар үшін еліміздің әр облыс орталығында оқу сыныптары жұмыс істейді. Сабақтар сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі.

Мемлекеттік қызметтер
24 июля 2026
Тұрғындар назарына!

 

«Төлеңгіт ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде округ тұрғындарына «өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы» орналасқан. Округ тұрғындары интернет желілері қосылған компьютерлердің көмегімен, керекті анықтамаларды ала алады.

         «Электрондық үкімет» «egov.kz», «Электрондық лицензия» «e.license», порталдарына кіріп, электронды цифрлы қолтаңбамен тіркеліп, келесі қызметтерді онлайн түрде алуға болады: қашықтықтан ЭЦҚ ашу (электронды цифрлы қолтаңба), мекен-жай бойынша тіркеуге тұру; тіркеуден шығару; емханаға тіркелу;әскери есеп және қауіпсіздік құжаттары, жүргізуші куәлігінің уақытын ұзарту, жеке басында мүліктің тіркелуі, тіркелмеуі, соттылығы бар, жоқтығы туралы және денсаулығына қатысты анықтамалар, мүмкіншілігі шектеулі азаматтар үй кезегіне тұру, балаларға жәрдемақы тағайындауға өтініш білдіру, зейнетақы жинақтары туралы және тағы басқа анықтамаларды электронды, жылдам және тегін алуға болады.

Сонымен қатар, «Төлеңгіт ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрін ұсынады.

  1. Кент,ауыл жерлерінен жер учаскесін беру.
  2. Сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарын алу.
  3. Жер учаскелерін алу үшін кезекке қою.
  4. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
  5. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметі.

Электронды порталмен жұмыс жасау кезінде қиындықтар туындайтын болса, әкімшілік қызметкерлерінен немесе 1414 номеріне хабарласып кеңес алуларыңызға болады.

Толық ақпаратты төмендегі көрсетілген мекен-жайымыздан біле аласыздар: Ескелді ауданы, Жетісу ауылы, Досқожанова  көшесі №26.

Мәдениет және спорт
08 июля 2026
Жетісу ауылында жаңа шағын футбол алаңы салынуда

​​Төлеңгіт ауылдық округіне қарасты Жетісу ауылында спорттық инфрақұрылымды дамыту және бұқаралық спортты қолдау мақсатында жаңа шағын футбол алаңының құрылысы жүргізіліп жатыр.
​Бұл нысан ауыл тұрғындарының, әсіресе жастар мен балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, салауатты өмір салтын ұстануына зор мүмкіндік береді. Жаңа алаң заманауи талаптарға сай, қауіпсіз әрі сапалы жабынмен жабдықталады деп күтілуде. Ауылдық округ әкімшілігі бұл бастама жергілікті тұрғындардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, ауыл өмірін жандандыра түсетінін атап өтті.

26 июня 2026
Жер қатынастары саласында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер

Жер қатынастары саласында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер

22 мая 2026
Құрметті аудан тұрғындары!

Тұрғындардың көпшілік өтініші негізінде тұрақты жолаушылар тасымалы маршруттары іске қосылды.
01.05.2026 жылдан бастап келесі бағыттар жұмысын бастайды:

№3 маршрут
Қарабұлақ – Абай – Өрқұсақ – Жетісу – Екпінді – Сырымбет

№4 маршрут
Қарабұлақ – Байысов – Алдаберген – Жастар – Бақтыбай – Елтай – Өтенай
Жолаушылар тасымалы «Тасымал» ЖШС келісімшарты негізінде жүзеге асырылады.
Төменде маршруттардың қозғалыс кестесі жарияланады.
Тұрғындардан сапарларын жоспарлау кезінде кестені ескеруді сұраймыз.

Маршрут №4

Утренний рейс
Қарабұлақ — 07:00
Байысов — 07:15
Шұбар — 07:30
Жастар — 07:40
Бақтыбай — 07:50
Елтай — 07:55
Өтенай — 08:00

Дневной рейс
Қарабұлақ — 12:00
Байысов — 12:15
Шұбар — 12:30
Жастар — 12:40
Бақтыбай — 12:45
Елтай — 12:50
Өтенай — 13:00

Вечерний рейс
Карабулак — 17:00
Байысов — 17:15
Шұбар — 17:30
Жастар — 17:40
Бақтыбай — 17:45
Елтай — 17:50
Өтенай — 18:00

Маршрут №3

Утренний рейс
Тельман — 06:50
Екпінді — 07:00
Жетісу — 07:10
Өрқұсақ — 07:20
Абай — 07:30
Болашақ — 07:45
Санжар — 07:50
Санжар — 08:05
Абай — 08:20
Өрқұсақ — 08:30
Жетісу — 08:40
Екпінді — 08:50
Тельман-Сырымбет — 09:00
Текелі — 09:20

Дневной рейс
Текелі — 12:00
Тельман — 12:20
Екпінді — 12:30
Жетісу — 12:40
Өрқұсақ — 12:50
Абай — 13:00
Болашақ — 13:15
Санжар — 13:20
Абай — 13:35
Өрқұсақ — 13:45
Жетісу — 13:55
Екпінді — 14:05
Тельман-Сырымбет — 14:15
Текелі — 14:35

Вечерний рейс
Текелі — 17:00
Сырымбет — 17:20
Екпінді — 17:30
Жетісу — 17:40
Өрқұсақ — 17:50
Абай — 18:00
Болашақ — 18:15
Санжар — 18:20
Абай — 18:35
Өрқұсақ — 18:45
Жетісу — 18:55
Екпінді — 19:05
Тельман-Сырымбет — 19:15
Текелі — 19:35


 

15 мая 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау күні туралы хабарландыру

2026 жылғы 22 мамыр сағат 14:30-де Жетісу облысы Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі, 67, мекен-жайында (2 қабат 28 кабинет) Ескелді ауданы, ауылдық, қалалық округ әкімдерінің аппараттары және аудандық бөлімдер қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өтеді.

Анонс сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау бойынша жұртшылықты хабардар ету үшін жүргізіледі.

Сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласа аласыз: 8-72836-3-0182, 8-771-413-5351 Аденова Салтанат Амангелдиевна

16 марта 2026
15 наурыз – «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ»

15 наурыз – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ қайырымды істерге, мұқтаж жандарды қолдауға, қоғамда өзара көмек мәдениетін қалыптастыруға арналады. бабалардан бізге жеткен озық үлгілердің жалғасы ретінде осы күні жасалатын ізгі істер адамдарды бір-біріне жақындата түседі, қоғамды тұтастырып, әлемді  жылы да жарық ете түседі.

Ашық дереккөздердегі ақпараттар бойынша дайындалды.

12 марта 2026
«Ескелді ауданы Төлеңгіт ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Құқықтық кабинет» ретінде белгіленіп ашылды.

Назарларыңызға жеткіземіз,Төлеңгіт ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында  "Құқық кабинеті" және "Өзіне -өзі қызмет көрсету  бұрышы"  жұмыс атқаруда кез келген уақытта қолданыстағы және талқыланып жатқан нормативтік құқытық актілермен таныса аласыздар. 

11 марта 2026
Аудан әкімі Елдос Ахметов Төлеңгіт ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Аудан әкімі Елдос Ахметов жұмыс сапарымен Төлеңгіт ауылдық округіне барып, тұрғындармен есептік кездесу өткізді. Кездесу барысында округтің бүгінгі жағдайы, әлеуметтік және инфрақұрылымдық бағыттағы жұмыстар, сондай-ақ алдағы кезеңдегі жоспарлар сөз болды.

Жиын кезінде тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Аудан әкімі қойылған сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы