
Төлеңгіт ауылдық округінің құрамына 3 ауыл кіреді: Жетісу ауылы, Екпінді ауылы, Жендік ауылы, Ескелді ауданы Төлеңгіт ауылдық округі аумағында орналасқан. Аудан орталығынан 10 шақырым жерде орналасқан, жақын маңда Қарабұлақ ауылы мен Текелі қаласымен және облыс орталығы Талдықорған қаласымен автомобиль жолдары арқылы байланысады.
Ауылда 150 кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде 120 шаруа қожалығы, 18 жеке кәсіпкер, СПК 2.
Ауылдың экономикалық мамандануы егіншілік сипатында, шаруа қожалықтарының негізгі қызметі егін және мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 14004 га, оның ішінде: егістік – 2358 га, жайылым – 2655 га, шабындық – 188 га.
01.01.2024 жылға мал басы: ірі қара – 2291 бас, ұсақ мал –2817 бас, жылқы – 382 бас, құстар – 4100 бас болды.