Төлеңгіт ауылдық округінде 1 Амбулатория, 2 медициналық пункт қызмет көрсетуде. Олар : Жетісу, Екпінді және Жендік ауылдарында орналасқан.
Негізгі мақсаттар-жұмыстағы жоғары кәсібилік, округ тұрғындарының денсаулығын қалпына келтіру және нығайту, аурулардың алдын алу. Ана мен баланың денсаулығын нығайту; Аурулардың алдын алу тәсілдерін жетілдіру және СӨС ынталандыру; Негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулар мен жарақаттарды диагностикалауды, емдеуді және оңалтуды жетілдіру; Инфекциялық сырқаттанушылықтың өсуіне жол бермеу; МСАК және жедел медициналық көмекті жетілдіру; Денсаулық сақтауды басқару және қаржыландыру жүйесінің тиімділігін арттыру. Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту; Дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету; Жаңа технологияларды одан әрі енгізу.