
«Төлеңгіт ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «өзіне — өзі қызмет көрсету бұрышы» орналасқан. Компьпютерден, өзіңіздің электронды кілтіңізбен, бір сәтте керекті анықтамаларыңызды ала аласыз. Электронды порталмен жұмыс жасау кезінде қиындықтар туындайтын болса, әкімшілік қызметкерлерінен немесе 1414 номеріне хабарласып кеңес алуларыңызға болады.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, иновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылдың 31 қаңтары №39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, «Ескелді ауданы Төлеңгіт ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі төмендегідей мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді: 1. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою; 2. Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден немесе бөліп төлеу арқылы сату; 3. Сауда — саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; 4. Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру; 5. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
Қосымша ақпаратты осы мекен-жай бойынша алуға болады: Жетісу ауылы, Досқожанов көшесі №26. Телефон: 8(72836)25138.