"Ескелді ауданы Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты" (бұдан әрі – Әкімнің аппараты) ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық -талдау тұрғысынан, ұйымдық -құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Әкімнің аппаратында ведомстволары жоқ.Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқытық актілерге,сондай-ақ ережеге сәйкес жүзеге асырады.
|
Мекен-жайы |
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Сырымбет ауылы, Ескелды би көшесі 60А |
|
Байланыс телефоны |
8 (728-36) 26-01-43 |
|
Электрондық пошта адресі |
|
|
Ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі уәкілетті тұлға |
8 (72836) 30 9 00 |

