|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер Округ әкімі -Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының орындалуын бақылайды, бақылауда тұрған ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің, облыс әкімінің директивтік нұсқауы бар құжаттарының уақытына сай орындалуын қамтамасыз етеді. -Ауылдық округ әкімі аппаратына басшылық жасайды; -Облыс және аудан әкімінің нормативтік-құқықтық актілері, округ әкімі аппаратының құзырына кіретін сұрақтар бойынша жоғары тұрған органдардан түскен бағдарламалар жобалары мен құжаттарының, тапсырмаларының орындалуын бақылайды; -Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі; -Аудан әкімі аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп; тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді; -Өз құзіреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады; -Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларының орындалуын жүзеге асырады; -Аудандық маңызы бар ауылдық округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді; -Округ әкімі аппаратының қызметкерлерін заңда белгіленген тәртіппен жұмысқа алады және жұмыстан босатады; олардың қызметтік міндеттерін айқындайды; -Мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда ауылдық округ әкімі аппаратының мүддесін білдіреді; -Округ әкімі аппаратының жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын әзерлейді; -Азаматтардың өтініштерін қарап, жауаптарының жобасын әзірлейді; -Ауылдық округте шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі; -Өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; -Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмсты ұйымдастырады; -Табысы аз адамдарды анықтайды, арнайы органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады және өзге де әлеуметтік құқықтық көмек көрсетеді; -Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі; -Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады; -Шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырды; -Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды; -Шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады; -Жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады; -Мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді; -Өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді; -Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; -Туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады; -Кәсіпқой емес медиаторлардың тізімін жүргізеді; -Ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін; -Ауылдық округ әкімі өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы үшін жоғары тұрған әкімнің, аудандық мәслихаттың алдында жауап береді; -Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің «E-Otinish» ақпараттық жүйесінде тіркеу карточкасына деректердің сапалы енгізілуін қатаң бақылайды. |