
«Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «Өзіне — өзі қызмет көрсету бұрышы» орналасқан. Компьпютерден, өзіңіздің электронды кілтіңізбен, бір сәтте керекті анықтамаларыңызды ала аласыз. Электронды порталмен жұмыс жасау кезінде қиындықтар туындайтын болса, әкімшілік қызметкерлерінен немесе 1414 номеріне хабарласып кеңес алуларыңызға болады.
Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, «Ескелді ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі төмендегідей мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:
Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден немесе бөліп төлеу арқылы сату;
Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
Толық ақпаратты мына мекен жайымыздан біле аласыздар: Қаратал ауылы Алмабала Жетпісбайқызы көшесі 59, телефон: 8(72836)50140, электронды пошта: gukaratkz@mail.ru.