«Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 4 тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есебі

«Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың  4 тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есебі

  1. Жалпы ережелер.
  1. «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Әкімінің аппараты) ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекетік органы болып табылады.
  2. Әкімінің аппараты - мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру негізінде Қазақстан Ресупбликасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы негізінде жұмыс атқарады.

Қызметті беруші туралы мәлімет: «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, почталық  мекен-жайы: 040507, Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі 52, байланыс тел. номері: 8(72836)3-24-01

  • 2024 жылдың 4 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Әкімнің аппараты  бойынша - 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, көрсетілген қызметтер саны барлығы – 36.

-жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру мемлекеттік қызметі бойынша – 31 қызмет,

-кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру мемлекеттік қызметі бойынша - 0 қызмет,

-сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу мемлекеттік қызметі бойынша – 5 қызмет,

 -жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату мемлекеттік қызметі бойынша - 0 қызмет,

-жер учаскесін алу үшін кезекке қою мемлекеттік қызметі бойынша - 0 қызмет.

  • Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттарға қолжеткізу көздері мен орындары: «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты»» ММ ғимаратында көрнекті ақпарат құралдары – Қағидалардың мәтіні ілінген стендттер орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, Өзіне өзі қызмет көрсету  ЕГОВ – бұрышы керекті құрал – жабдықтармен орнатылған.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

2024 жылдың 4 тоқсанында қөрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Ескертпе: есеп «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 23-бабының 5 және 6-баптарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағдаларын жетілдіру мақсатында ұсынылды.

 

 

Дата публикации
09 января 2025