№287

Регламент государственного учреждения "Аппарат акима Карабулакского сельского округа Ескельдинского района"

Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 03 қыркүйектегі №287 өкімімен бекітілген «Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің регламенті 1. Жалпы ереже 1. «Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің осы регламенті (бұдан әрі Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарға, Президент, Үкімет актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүктелген функцияларды орындау барысында «Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Аппарат) қызметінің жалпы ережелерін белгілейді. 2. Осы Регламентте белгіленген құжатпен жұмыс істеуге қойылған талаптар, мерзімдер Аппараттың барлық қызметкерлеріне қолданылады. 3. Құпия емес іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, хат-хабарларды қабылдау, өңдеу және тарату, соның ішінде электрондық құжат айналымын жүргізу Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 16 сәуірдегі №480-V, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI, «Электрондық кұжат айналымы және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 заңдарының талаптарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік мекеме басшысы бекіткен Регламентпен айқындалады. 4. Аппараттың мемлекеттік органдармен құжат айналымы тек мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда орысша нұсқасы қоса жолдануы мүмкін, бұл ретте фирмалық бланкіге мемлекеттік тілдегі нұсқасы ғана басылуы тиіс. 2. Жұмысты жоспарлау 5. Аппарат өз қызметін тоқсан сайынғы, жылдық және ұзақ мерзімдік жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады. 6. Аппараттың жұмыс жоспарының жобасын тоқсан аяқталуынан 15 күн бұрын аудан әкімі аппаратының жетекшісімен алдын-ала келісу негізінде аппараттың қызметкерлері қалыптастырып, ауылдық округтің әкімі бекітеді. 7. Ауылдық округтың әкімінің бұл іске жауапты орынбасары жұмыс жоспарының орындалуын бақылайды, кезекті кезеңге арналған жоспардың жобасын карау және зерделеу кезінде оның орындалу нәтижелері туралы округ әкіміне хабарлайды. 8. Аппарат мәжілістерінде қаралатын мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесін аппарат қызметкерлерінің ұсынысы бойынша Регламентке сәйкес аппараттың жауапты қызметкері дайындайды. 3. Аппарат кеңестерін жоспарлау, дайындау және өткізу тәртібі 9. Аппарат кеңестерін жоспарлау, дайындау, өткізу тәртібін және олардың орындалуын бакылауды Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Заңының талаптарына және өзге-де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес округ әкімі айқындайды. 10. Аппарат кеңестері жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік тілде өткізіледі. Аппарат кеңесінде қарастырылатын мәселеге шек қойылмайды. Қажет болған жағдайда, округ әкімінің шешімімен кезектен тыс аппарат кеңесі өткізілуі мүмкін. 11. Аппарат кеңесінде қаралған мәселе нәтижесі бойынша хаттама рәсімделеді. 4. Кіріс және шығыс хат-хабарларын рәсімдеу, қарау, өткізу 12. Аппаратта кіріс және шығыс хат-хабарларын және өзге-де қызметтік құжаттарды қарау және өткізу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады. 13. Кіріс хат-хабарларын Аппарат жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін қабылдайды. 14. Мемлекеттік органдардан қағаз және электрондық тасығыштарда келіп түскен құжаттар сәйкестікте болып, белгіленген үлгідегі тиісті елтаңбалы бланкте рәсімделуі қажет және мына міндетті деректемелерден тұруы тиіс: 1) шығыс номері мен күні; 2) аудан әкімінің, аудан әкімінің орынбасарларының, әкім аппаратының басшысының тапсырмаларына сілтеме, сондай-ақ мемлекеттік органның сұратуына жауап жазған кезде сұратудың номері мен күні, ал қажеттігіне қарай сұратудың көшірмесі; 3) бірінші басшының немесе оның орынбасарының қолы; 4) орындаушының тегі, телефон номері, электрондық пошта мекен-жайы. 15. Осы Регламенттің талаптарын бұза отыра рәсімделген кіріс хат-хабарлары қабылданбайды және (немесе) Аппараттың жауапты қызметкерімен дәл сол күні оны тиісті мемлекеттік органға қайтарылады. 16. Осы Регламентте белгіленген тәртіпте қабылданған құжаттарды Аппараттың жауапты қызметкері тіркеу мөртабанында номерді, күн мен парақ санын көрсете отыра, карайды, бақылауға қояды және тіркейді. 17. Тіркелген, тиісті үлгіде рәсімделген хат-хабарлары округ әкімінің бөлуіне сәйкес орындаушыларға жіберіледі. Шұғыл хат-хабарлары көшірмесі келіп түскен құжатта қозғалған мәселелер құзыретіне кіретін маманга дереу жіберіледі. 18. Хат-хабарларды тіркеу, бөлу, рәсімдеу және орындаушыларға жеткізуді оның Аппаратқа келіп түсу сәтінен бастап бір тәулік ішінде, ал шұғылды іле-шала (кезектен тыс тәртіпте) жауапты қызметкер жүзеге асырады. 19. Округ әкімі кіріс хат-хабарларды келіп түскен күні, ал шұғылды іле-шала қарайды. Қарау нәтижелері бойынша олар бұрыштама түрінде рәсімделетін тиісті тапсырма береді. Округ әкімі қараған кіріс хат-хабарларын рәсімдеу үшін және ілгеріде орындаушыларға беру үшін жауапты қызметкерге жіберіледі. 20. Шығыс хат-хабарларын дайындау, келісу және рәсімдеу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады. 5. Нормативтік құқықтық акті жобаларын дайындау, рәсімдеу және келісу тәртібі 21. Аппараттың өз құзыреті шегінде әзірлейтін нормативтік құқықтық акт жобаларын (бұдан әрі - жобалар) дайындауды Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 16 сәуірдегі №480-V, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 заңдарының, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 719 қаулысымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады. 6. Орындауды бақылау 22. Тапсырмаларды уақытында және сапалы орындауды бақылауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI, «Электрондық кұжат айналымы және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 заңдарының талаптарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік мекеме басшысы бекіткен Регламентпен айқындалады. 23. Бақылауға келесі, соның ішінде құпия құжаттар (бұдан әрі бақылау құжаттары) алынады: 1) округ әкіміне тапсырмалары бар аудан әкімінің актілері; 2) округ әкіміне тапсырмалары бар аудан әкімінің аппаратының отырыстарының хаттамалары; 3) облыс әкімінің, аудан әкімінің округ әкімінің атына жазған орындау мерзімі көрсетілген немесе бақылауға алуға нұсқау, «шұғыл», «баяндалсын», «ұсыныстар енгізілсін» деген белгілері бар тапсырмалары (соның ішінде, кеңес хаттамалары мен іс-шаралар жоспарлары), сондай-ақ мазмұнынан бақылауға қою қажеттігі шығатын тапсырмалар; 4) мазмұнынан қандай да бір мәселелер бойынша жауап беру, түсіндіру, ұсыныс енгізу қажеттігі шығатын мемлекеттік органдардың хаттары; 5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері; 24. Аудандық әкімдіктің қаулысы Аппаратқа орындауға түскен кезде, үш күндік мерзімде оларды іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспары жасалып, округ әкімінің өкімімен бекітіледі. 25. Аппаратта бақылау құжаттарын бақылауға қою және бақылаудан алу, оларды орындау мерзімін ұзарту нормативтік құқықтық актілерге және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады. 26. Аппараттың бақылау жүйесін мыналар құрайды: округ әкімі - Аппарат қызметіне, соның ішінде бақылау құжаттарын уақытында және сапалы орындауға жалпы басшылық етеді және бақылайды; іс жүргізу жөніндегі жауапты қызметкер белгіленген құзырет шегінде құжаттарды уақытында бақылауға қоюды қамтамасыз етеді, аппарат басшылығының бұрыштамасын ескере отыра, оларды орындау мерзімін белгілейді. Аппараттағы орындаушылық тәртіптің жай-күйін және бақылау тапсырмаларын орындау, келіп түскен бақылау тапсырмалары және бақылау құжаттарының тізбесін тарату, оларды орындау мерзімінің (апта сайын) келгені туралы ескерту жасау жолымен Аппарат басшылығын хабардар етеді. Аппараттың іс жүргізуге және ішкі бақылауға жауапты қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді, іс жүргізуді ұйымдастыруға және Аппаратты құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің жұмысына дербес жауапкершілікке ие. Сондай-ақ бақылау құжаттарын орындау мерзімін бұзуға немесе сапасыз орындауга жол берген Аппарат қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді. 27. Аудандық әкімдіктің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуы туралы материалдарды жинақтау, берілген мәселені талқылауға енгізетін жауапты орындаушыларға жүктеледі. Сонымен бірге, жауапты қызметкер округ әкімінің атына бақылаудағы құжаттың барлық тармақтарының орындалғаны және оны бақылаудан алып тастау туралы қорытынды ақпаратты дайындайды, тиісті бұрыштама қойылғаннан кейін құжат бақылаудан алынады және барлық материалдар жинақтаушы папкаға салынып, істер номенклатурасына сәйкес сақталады. 28. Бақылауға алынған құжаттардың белгіленген мерзімге орындалуы мүмкін болмаған жағдайда орындаушы белгіленген нысанда округ әкімнің атына орындау мерзімін ұзарту туралы қызметтік хат жасауы тиіс. Құжаттың орындалу мерзімін бір реттен артық ұзартуға рұқсат етілмейді. 29. Ауылдық округ әкімінің аппаратында айына бір рет құжаттарды бақылау және атқару жөніндегі жұмысты жүргізумен байланысты мәселелер талқыланады, осы істе орын алған кемшіліктерді жою жөніндегі шаралар белгіленеді. 30. Ауылдық округ әкімінің аппаратына келіп түскен құжаттардың орындалуын бақылауға жауапты әрбір маман әкімнің бұл іске жауапты орынбасарына, құжаттардың (кеңестердің хаттамалық шешімдері) орындалу барысы туралы апта сайын хабарлап отырады, алдағы аптада орындалу мерзімі бітетін құжаттар туралы атқарушыларға ескертіледі. Аудандық әкімдіктің қаулылары мен аудан әкімінің тапсырмаларын орындау жөніндегі бақылау құжаттарының тізбесі қағаз форматта ай сайын орындаушыларға жіберіліп отырады, аудан әкімінің тапсырмалары кіріс құжаттар корреспонденциясында тіркеледі. 31. Аппараттың қызметкерлері, бақылау құжаттарын орындау үшін дайындаған құжат жобалары Аппарат басшылығына орындау мерзімі аяқталғанға дейін үш күннен кешіктірмей қол қоюға ұсынылады. Орындау мерзімі 5 күнтізбелік күннен 10 күнтізбелік күнге дейін бақылау құжаттарын орындау үшін, дайындалған құжаттар Аппарат басшылығына орындау мерзімі аяқталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей қол қоюға ұсынылады. Орындау мерзімі 5 күнтізбелік күнге дейін бақылау құжаттарын орындау үшін, дайындалған құжаттар олар дайын болған соң, дереу округ әкіміне қол қоюға жіберіліп, кезектен тыс тәртіпте аталған лауазымды тұлғалар дереу қарайды. Аппарат қызметкерлері мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті органдарына жіберілетін құжаттардың электрондық құжат айналымы жүйесінде сапалы және уақытылы кешенді рәсімделуіне дербес жауапкершілікке ие. 7. Аппаратта жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарay және азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру 32. Аппаратта азаматтардың өтініштерін қарау және қабылдау Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI заңына сәйкес жүзеге асырылады, 33. Аппарат немесе басшылық атына түсетін заңды және жеке тұлғалардың барлық өтініштерін олар түскен күні Аппараттың жауапты қызметкері қабылдайды және тіркейді. Тіркеген кезде оларға мөртабан қойылады. Әрбір арызға тіркеу кәртішкесі жасақталады. 34. Тіркелген өтініштер округ әкімнің қарауына беріледі, содан соң округ әкімінің тапсырмасына сәйкес орындау үшін жауапты қызметкерлерге жіберіледі. Азаматтардың өтініштерін басшылықтың туралы нұсқауы кәртішкелерге жазылады. 35. Өтініштер карауға берілген жауапты қызметкерлер онда қойылған мәселелерді мұқият карап, тексеру корытындысы мен алынған шаралар бойынша жан-жақты анықтама дайындауға міндетті. Өтініштің жауабы онда қойылған барлық мәселелерді қамтитындай айкын да түсінікті болуы тиіс. 36. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Премьер-министрі Кеңсесі және Парламенті арқылы келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің жауабына округ әкімі, ол болмағанда міндетін атқарушы тұлға оның кол кояды. 37. Өтініштерді уақытында дұрыстап қараудағы жауапкершілік Аппараттың жауапты қызметкерлеріне жүктеледі, олар өз кезегінде түскен өтініштерді дұрыс талдауға, оның жазу себебін зерделеуге және ашылған кемшіліктерді жою жөніндегі қажетті шаралар алуға міндетті. 38. Орындалған өтініштер алынған шаралар туралы барлық материалдармен және анықтамаларымен бірге бақылаудан түсіру және одан әрі сақтау үшін Аппараттың азаматтардың өтініштері мәселелері жөніндегі жауапты қызметкеріне тапсырылуы тиіс. Өтініштердің орындалуы жүйелі тексеріліп, карау мерзімі бұзылған жағдайда округ әкіміне хабарланады. Тоқсанына бір рет жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің сипаты мен каралу мерзімдері туралы анықтама жасақталып, округ әкімінің назарына жеткізіледі. Жылдың қорытындысы бойынша түскен өтініштерді қарау туралы статистикалық есеп және талдамалық анықтама жасақталады. 39. Ауылдық округтің әкімі әр айдың екінші сейсенбісінде, орынбасарлары әр айдың үшінші сәрсенбісінде, төртінші бейсенбісінде 9-00- 12-30 аралығында азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді. Азаматтарды қабылдау тиісті байланыс телефондарымен және кажетті жиһазбен жабдықталған округ әкімінің және орынбасараларының қызмет бөлмелерінде жүргізіледі. 8. Мөрлерді, мөртабандарды және бланкілерді есепке алу мен сақтау 40. Қорғауға жататын мөрлерді, мөртабандарды және бланкілерді қорғау құралдарын есепке алуды, сақтауды, пайдалануды және жоюды округ әкімінің өкімімен тағайындалатын жауапты тұлға жүзеге асырады. 41. Қорғауға жататын «Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі», «Қарабұлақ ауылдық округінің әкімінің аппараты» делінген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген екі мөр, мөртабандарды және бланкілер Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес есепке алу мен беру журналдарында жүргізіледі. 42. Қорғауға жататын жататын мөрлер, мөртабандар және бланкілер мөрленетін сейфтерде немесе темір шкафтарда сақталады. 43. Ауылдық округ әкімінің құжаттарын баспасөзде және БАҚ-та жариялау, тәртібі 44. Материалдар мен құжаттарды, соның ішінде кадр мәселелері жөнінде ақпаратты округте өткізілген шаралар туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарына ауылдық округ әкімінің келісімімен Аппараттың кызметкерлері береді. 43. Өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттық хабарлар интернет желілерінде, газеттер мен аудандық әкімдіктің веб-сайтына шұғыл түрде берілуі тиіс. 44. Жариялауға берілген материалдардан ашық баспасөзде жариялауға, радио және теледидар бойынша беруге тыйым салынған мәліметтер алынып тасталуы керек. 10. Компьютермен басу және көшіру-көбейту жұмыстарын ұйымдастыру 45. Аппаратта компьютермен басу жұмыстары Аппараттың мамандарымен қызмет бөлмелерінде орындалады. Барлық компьютермен басу жұмыстарын орындаушылар алған Аппараттың ресми бланкілерін дұрыс пайдалануына дербес жауапкершілік алады. 46. «Қызмет бабында пайдалану үшін», «Басу үшін емес» грифі бар құпия құжаттарды көбейту округ әкімінің, ал ол болмаған кезде құпиялық режимнің сақталуына жауап беретін әкімнің орынбасарының рұқсатымен жүргізіледі. 47. Ұсынылған материалдарды көбейтуге және көшірмесін жасауға рұқсатты округ әкімінің, ал ол болмаған жағдайда округ әкімнің орынбасарымен беріледі. 11. Ауылдық округ әкімі қызметке тағайындайтын және онымен келісілетін лауазымдар тізбесіне кіретін қызметкерлерге құжаттар рәсімдеу мен жүргізу тәртібі 48. Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен», Қазакстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңымен, 2001 жылғы 11 мамырдағы №605 «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлықтарымен, осы Регламентпен және өзге заңнамалық актілермен белгіленеді. 49. Қазакстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының және ҚР «Еңбек кодексінің» баптарына сәйкес, ауылдық округтің әкімі округ әкімінің орынбасарларын, бас мамандарды, жетекші мамандарды конкурстық іріктеу негізінде жұмысқа қабылдайды және заңдылықтар негізінде қызметінен босатады. 50. Ауылдық округ әкімі тагайындайтын аппарат қызметкерлерін тағайындау, орнынан босату және орнын ауыстыру кезінде округ әкімінің өкімі қабылданады. 12. Ауылдық округ әкімі қызметке тағайындайтын қызметкерлердің жеке істерін сақтау мен беру тәртібі 51. Ауылдық округ әкімі қызметке тағайындайтын мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің жеке істері округ әкімінің лауазымдық міндеті бойынша жүктелінген орынбасарының қызмет кабинетінде сақталады. 52. Жеке істерді беру мен оның қайтарылуын бақылауды кадр қызметіне жауапты қызметкерге жүктеледі. 53. Аппарат қызметкерлерінің жеке істерін беру округ әкімінің рұқсатымен бақылау кәртішкесіне белгі соғу арқылы жүргізіледі. 54. Жеке істермен жұмыста мыналарға тыйым салынады: 1) жеке істердегі жазуларға қандай да болмасын түзетулер жасауға немесе жаңа түзетулер енгізуге; 2) жеке істерден құжаттар алуға, сондай-ақ, оған жаңасын салуға; 3) жеке істің мазмұнын жария етуге, қызмет қажеттілігі болмаған жағдайда оны басқа адамға беруге немесе жеке істің материалдарымен басқа ққызметкерді таныстыруға тыйым салынады. 55. Жеке іспен жұмыс жасап болғаннан кейін оны кадр қызметіне жауапты тұлғаға міндетті түрде қайтару қажет. Жұмыстан шығып кеткен қызметкерлердің жеке істері мұрағатқа тапсырылғанға дейін жұмыс істеп жүргендерге қолданылатын тәртіппен сақталады және беріледі. 13. Қызметтік куәліктерді рәсімдеу және беру тәртібі 56. Округ әкімі аппаратының қызметкерлерінің қызметтік Ati карталары (бұдан әрі - Куәліктер), округ әкімінің бұйрығымен тағайындалған, олардың іс-жүзінде аткарып жатқан қызметтерін растайтын ресми құжаттар болып табылады. 57. Куәліктеді конкурс негізінде жергілікті бюджет харажатына тапсырыс беріліп әзірленеді. 58. Куәліктерді беру Ескелді ауданының әкімі апаратының бірыңғай кадр бөлімінің жауапты қызметкерінде болатын арнайы журналға қол қойдырып жүзеге асырылады. 59. Округ әкімінің өкімі жаңа Куәлікті беруге рұқсат болып табылады. 60. Кейін жаңа лауазымға тағайындалғанда немесе лауазымнан босатылғанда бұрын берілген Куәліктер үш күндік мерзімде округ әкімі аппаратына қайтарылуға тиіс. 61. Куәліктің күшінде болатын мерзімі 3 жыл. 62. Куәліктің күшінде болатын мерзімі аяқталғанда, ол жаңа реттік нөмірімен, тіркеу журналына және берілетін күніне сәйкес қайта шығарылады. 63.Округ әкімі аппаратының жауапты қызметкері кезең кезеңімен бағыныстағы жұмыскерлерді Куәліктерінің бар болуын тексереді. 64. Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда оның иесі дереу жазбаша түрде округ әкіміне баяндайды. Жоғалған Куәліктер жарамсыз деп танылады және бұл туралы аудандық аппарат құралдарында, аппарат орналастырылады. 65. Куәлік бланкілері (Ati карталары )қатаң есеп бланкілері болып табылмайды. 66. Куәлік бланкілерін (Ati карталары ) беруді есепке алу Ескелді ауданының әкімі апаратының бірыңғай кадр қызметінің жауапты қызметкері арнайы басталған журналда жүргізеді және көліктердің нөмірдерін тиісті қызметкерлерге үлестіреді. 67. Куәліктерге нөмірлер оның есепке алу журналындағы реттік нөміріне сәйкес беріледі. 68. Куәліктердің таза және бүлінген бланкілері, қайтарылған Куәліктер Ескелді ауданының әкімі апаратының бірыңғай кадр қызметінің жауапты қызметкері ҚР заңнамаларына сәйкес жояды. 14. Аппараттағы жұмыс уақытының режимі 69. Аппарата жұмыс күні сағат 9:00-да басталады және18:30-ге дейін жалғасады, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін. 70. Әр дүйсенбі күні 11:00-де Аппарат кеңестері өткізіледі. 71. Әр айдың екінші сейсенбісінде 09.00-12.30-ге дейін округтың әкімімен немесе орынбасарларымен Қарабұлақ ауылында азаматтарды жеке қабылдау жүргізіледі. 72. Әр айдың соңғы сейсенбісінде 14.30-15.30-ге дейін округтың әкімімен немесе орынбасарларымен Өркусақ ауылында азаматтарды жеке қабылдау жүргізіледі. 73. Әр айдың соңгы сейсенбісінде 16.00-18.00-ге дейін округтың экімімен немесе орынбасарларымен Абай ауылында азаматтарды жеке кабылдау жүргізіледі. 74. Әр айдың соңгы сәрсенбісінде 14.30-18.00-ге округтың әкімімен немесе орынбасарларымен Ешкіөлмес ауылында азаматтарды жеке қабылдауды жүргізіледі. 75. Әр айдың соңгы бейсенбісінде 14.30-18.00-ге округтың әкімімен немесе орынбасарларымен Шымыр ауылында азаматтарды жеке кабылдау жүргізіледі. 76. Әр айдың соңгы жұмасында 14.30-18.00-ге округтың әкімімен немесе орынбасарларымен М.Байысов ауылында азаматтарды жеке қабылдау жүргізіледі. 77. Аппарат қызметкерлерінің функционалдық міндеттерінің көлемі лауазымдық нұсқаулықтармен айқындалады. Келісілді: Ескелді ауданы әкімі аппаратының басшысы Б. Дюсебаев
Дата публикации
10 сентября 2024