"Қайнарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

«Қайнарлы ауылдық округі әкімінің

 аппараты» мемлекеттік мекемесінің

қызметіндегі сыбайлас жемқорлық

тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес ӨКІМ ЕТЕМІН:

  1. 2024 жылдың 13-24 мамыр аралығында «Қайнарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
  2. Осы өкімнің қосымшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тобының құрамы бекітілсін.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылсын:

1) аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі 2024 жылдың 03 қантар мен 2024 жылдың 31 наурыз аралығы болып бекітілсін
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмысшы топ қосымшаға сәйкес құрылсын.
  3. Осы өкімнің орындалуын өз құзырымда қалдырамын.
Қайнарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Дата публикации
03 мая 2024