Қоғамдық кеңес

  "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес, Ескелді ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ескелді аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Регламент
Дата публикации
17 марта 2024