Жетісу облысы, Ескелді ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабында және «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығы негізінде, «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды:
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді (конкурстық ұсыныс) қабылдау, жергілікті «Жетісу шұғыласы» газет бетіне жарияланғанан соң күнтізбелік 30 күннен кейін, он бес жұмыс күні ішінде, яғни 2024 жылдың 1-сәуірден 19-сәуірге дейін қабылданады. (040500 Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы Оразбеков көшесі, 67), Ескелді ауданының әкімдігі №5 кабинетке табыс етеді.