Онлайн-бюджеттік мониторинг

«Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік департаменті» өткен жылдан бастап бюджет қаражаттарының мақсатты пайдаланылуын бақылау мақсатында «Онлайн-бюджеттік мониторинг» жүргізуді жүзеге асыруда.

«Онлайн-бюджеттік мониторинг» модулі қаражаттардың аударылуын қадағалауға және мүмкін болатын бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл қаражаттар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге бағытталған. Мониторинг тұрақты негізде «Онлайн-бюджеттік мониторинг» платформасында жүргізіледі. Қауіптер анықталған жағдайда дереу хабарламалар қалыптастырылады және қажет болған жағдайда аудиттік іс-шаралар тағайындалады.

     Хабарламаларды қарастыру нәтижесінде заңсыз төлемдер анықталған жағдайларда қаражат толық көлемде мемлекеттік бюджетке қайтарылды. Барлығы 4,4 млн теңге өтелді, оның ішінде:

  • білім беру саласында – 3,2 млн теңге;
  • мәдениет және спорт саласында – 1,2 млн теңге.

 «Онлайн-бюджеттік мониторинг» модулі қаржылық бұзушылықтарды жедел анықтаудың тиімді құралы ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті алдын алу бақылауын күшейту және бюджеттік тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.

Онлайн-бюджеттік мониторинг
Дата публикации
04 сентября 2025