Облыстық білім басқармасы бойынша 2023 жылдың 2-тоқсанында жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін қарау жұмысы туралы ақпарат

2023 жылдың 2-тоқсанында  басқарма аппаратына 242                       (1-тоқсанда -195),  аудандық, қалалық білім бөлімдеріне және басқармаға ведомстволық бағыныстағы  өзге де коммуналдық мекемелерге 520 (1-тоқсанда-562),  барлығы 762  (1-тоқсанда-757) өтініш түсті.

Жолданымдардың жалпы алғандағы құрылымында  265 (168) арыз, 13 (15) шағым, 175 (164)  ұсыныс, 317 (412) сұрау салу, үн қосу және хабар бар.

Барлық өтініштердің 20 пайызға жуығы сот орындаушылардың сұраулары (142). БАҚ өкілдерінің сұрау салуы 44.

720 өтініш басқармада және оған ведомстволық бағыныстағы мекемелерде ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің (ары қарай – Кодекс) талаптарына сәйкес қаралды.    

Оның ішінде:

-  197 өтініш бойынша әкімшілік акт қабылданды;

-  395 өтінішке жауап берілді;

- Кодекстің 89,70-баптарына сәйкес 24 өтінішті қарау тоқтатылды;

-  80 өтініште көтерілген мәселелер еске алынды.

36 өтініш Кодекстің 76-бабы негізінде құзыретіне қарай қарау үшін басқа мемлекеттік органдарға жіберілді.  

          Есепті мерзімде жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерінің 5 өтінішін қарау (1-тоқсанда 37), 4 өтінішті құзыретіне қарай қайта жолдау мерзімдері  бұзылды. Аталған бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты шаралар қабылданды.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерінің жолданымдарын қарау нәтижесінде шығарылған шешімдер бойынша әкімшілік соттарға шағымдар берілген жоқ.

2023 жылдың 1 шілдесіне  басқармаға ведомстволық бағыныстағы 473 мекеме  «E-Otinish» ақпараттық жүйесіне тіркелген.

Дата публикации
18 июля 2023