Облыстың білім беру саласында (отбасы және балалар, мектепке дейінгі және орта білім, техникалық және кәсіптік білім) 35 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Оның ішінде білім басқармасы 4, аудандық, қалалық білім бөлімдері 14, орта білім беру мекемелері 4, мектепке дейінгі тәрбие саласы 1, техникалық және кәсіптік білім беру саласы 8, қосымша және арнайы білім беру мекемелері 4.
(Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін көтеруден өткені туралы құжаттарды беру мемлекеттік қызметі – Талдықорған медициналық колледжі көрсетеді - 2023 ж. 2- жарты жылдығынан бастап есеп беріледі).
35 мемлекеттік қызметтің ішінде 6 қызмет тек электронды түрде көрсетіледі.
(1. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
4 қызмет тек қағаз түрінде көрсетіледі.
(1. Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан
айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру.
Қалған қызметтер альтернативті түрде, яғни электронды және қағаз түрлерінде көрсетіледі.
Білім беру саласына қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Электрондық үкіметтің» веб-порталы E-GOV, Мемлекеттік корпорация және білім беру ұйымдары арқылы, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің es.ias.kz порталы және Жетісу облысы әкімдігінің ведомстволық бағыныстағы мекемелерінің орталықтандырылған деректер базасы (E-zhetysu.kz.) ақпараттық жүйелері арқылы көрсетіледі.
Басқармамен және облыстық мекемелермен, аудандық, қалалық білім бөлімдерімен 2022 жылдың 2-тоқсанында 40445 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде қағаз түрінде 24437 (60%), электронды түрде 16008.
2023 жылы ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу жоспарын бекіту туралы басқарма басшысының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №507-н бұйрығына сәйкес 27 білім беру ұйымдарында ішкі мемлекеттік бақылау шаралары жоспарланған. Оның ішінде 2-тоқсанда 7 ведомстволық бағыныстағы мекемелерде ішкі бақылау іс-шаралары атқарылды. Ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.
Есепті мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрлері мен оларды көрсету тәртібін түсіндіру, ақпараттандыру бойынша аудандар мен қалаларда, облыстық білім саласы мекемелерінде барлығы 272 түсіндірме іс-шаралары жүргізіліп, оларға 11 мыңнан астам тұрғындар қатысты.