Облыстың білім беру саласында 34 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
Білім беру саласына қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Электрондық үкіметтің» веб-порталы E-GOV, Мемлекеттік корпорациясы және білім беру ұйымдары арқылы, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің es.ias.kz порталы және Жетісу облысы әкімдігінің ведомстволық бағыныстағы мекемелерінің орталықтандырылған деректер базасы (E-zhetysu.kz.) ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі.
Басқармамен және облыстық мекемелермен, аудандық, қалалық білім бөлімдерімен 2022 жылдың 1-тоқсанында 24016 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде қағаз түрінде 17820 (74%), электронды түрде 6164.
2023 жылы ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу жоспарын бекіту туралы басқарма басшысының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №507-н бұйрығына сәйкес 27 білім беру ұйымдарында ішкі мемлекеттік бақылау шаралары жоспарланған. Оның ішінде 1-тоқсанда 6 ведомостволық бағыныстағы мекемелерде ішкі бақылау іс-шаралары атқарылды. Ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу барысында бұзушылықтар анықталған жоқ. Есепті мерзімінде өткізілген ішкі бақылау іс-шаралары қорытындысына сәйкес білім басқармасына қарасты барлық мекемелерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды нұсқада көрсетуді насихаттау барысында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмыстарын жетілдіру ұсынылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді уақытылы көрсету және білім беру ұйымдары көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша үнемі түрде ақпараттық, консультациялық, әдістемелік жұмыстар жүргізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде қызмет алу тәсілдері және енгізілген өзгерістер туралы үнемі хабардар етіледі. Есепті мерзімде аудандар мен қалаларда, мекемелерде барлығы 272 түсіндірме шаралары жүргізіліп, оларға 11 мыңнан астам тұрғындар қатысты.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес мақсатында 2023 жылдың 6 наурызында Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі №26 мекенжайында, облыстық басқармалар орналасқан әкімшілік ғимараттың 1-қабатында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеде басқарманың лауазымды тұлғалары – бөлім басшысы А.Бухарова, бас мамандар А.Нұрпейісова, Ж.Асанова және Ғ.Алиева қала тұрғындарына облыстың білім саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттармен таныстырды. Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына
құжаттарды қабылдау және балаларды
қабылдау, жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу сияқты мемлекеттік қызметтерінің көрсетілу тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жәрмеңке барысында барлығы 77 адамға олардың жалпы білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы сұрақтарына жауап берілді.