2023 жылдың 1-тоқсанында басқарма аппаратына 195, аудандық, қалалық білім бөлімдеріне және басқармаға ведомстволық бағыныстағы өзге де коммуналдық мекемелерге 562, барлығы 757 өтініш түсті.
Жолданымдар құрылымында 168 арыз, 15 шағым, 164 ұсыныс, 412 сұрау салу, үн қосу және хабар бар.
711 өтініш басқармада және оған ведомостволық бағыныстағы мекемелерде ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекс (ары қарай – Кодекс) талаптарына сәйкес қаралды.
Оның ішінде:
- 141 өтініш бойыша әкімшілік акт қабылданды;
- 394 өтінішке жауап берілді;
- Кодекстің 89,70-баптарына сәйкес 25 өтінішті қарау тоқтатылды.
21 өтініш Кодекстің 76-бабы негізінде құзыретіне қарай қарау үшін басқа мемлекеттік органдарға жіберілді.
Есепті мерзімде жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін қарауда Кодекс талаптарының бұзылуына жол бергені үшін 33 лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерінің жолданымдарын қарау нәтижесінде шығарылған шешімдер бойынша әкімшілік соттарға шағымдар берілген жоқ.
2023 жылдың 1 сәуіріне басқармаға ведомостволық бағыныстағы 478 мекеме «E-Otinish» ақпараттық жүйесіне тіркелді.
Өтініштерді Кодекс талаптарына сәйкес қарау, орындаушылық тәртіпті жақсарту мәселесі тұрақты бақылауға алынған. Басқарманың аппараттық, өндірістік жиындарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жұмысының жағдайы бойынша басқарма басшысының орынбасарлары, бөлім басшыларының, жауапты тұлғалардың есептері тыңдалып отырады.