2022 жылы облыстың білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат

2022 жылы облыстың білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат        

 

    Облыстың білім беру саласында  34 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.           

    Білім беру саласына қатысты бұл мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Электрондық үкіметтің» веб-порталы E-GOV, Мемлекеттік корпорациясы және білім беру ұйымдары арқылы, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің es.ias.kz порталы және Жетісу облысы әкімдігінің ведомстволық бағыныстағы мекемелерінің орталықтандырылған  деректер базасы (E-zhetysu.kz.) ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі.

        Басқармамен және облыстық мекемелермен,  аудандық, қалалық білім бөлімдерімен 2022 жылдың алты айында, Жетісу облысы құрылғаннан бергі уақытта  72 285 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

        Оның ішінде  қағаз түрінде 53 824, электронды түрде  18461.

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы                     8 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының»  бекіту туралы №78 бұйрығына сәйкес, 10 білім беру ұйымдарында ішкі мемлекеттік бақылау жоспарланып, тексерілді.

     Ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу барысында облыстық білім беру мекемелерінде, аудандық, қалалық білім бөлімдерінде, жалпы орта мектептерде бұзушылықтар  анықталған жоқ. 

    Үстіміздегі 2023 жылы ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу жоспарын бекіту туралы басқарма басшысының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №507-н бұйрығына сәйкес 27 білім беру ұйымдарында ішкі мемлекеттік бақылау шаралары жоспарланды.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер міндетті түрде уақытылы көрсету және білім беру ұйымдары көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша үнемі түрде ақпараттық, консультациялық, әдістемелік жұмыстарды жүргізіліп,  бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде қызмет алу тәсілдері және енгізілген өзгерістер туралы үнемі хабардар етіледі.

     ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттіктің Жетісу облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту бойынша ведомостволық жұмыс тобының отырысының хаттамасын орындау мақсатында 2022 жылдың 23 қарашасында облыстық білім басқармасында және оған бағынысты ведомостволық мекемелерде мемлекеттік қызметтер көрсетудің жағдайы туралы семинар-кеңес өткізілді.         Семинарға облыс әкімі аппаратының, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің, цифрлық технологиялар басқармасының жауапты қызметкерлері, сонымен қатар Алматы облысы әкімдігінің ведомстволық бағыныстағы мекемелерінің орталықтандырылған деректер базасы «Е-Жетісу»,  ҚР Оқу-ағарту министрлігінің es.ias.kz  порталы, «Е-Өтініш» ақпараттық желілерін техникалық сүйемелдейтін мамандар қатысып, түскен сұрақтарға жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

   2023 жылы білім саласына қатысты мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнаманы сақтау бойынша Ішкі мемлекеттік бақылауды басқармаға қарасты облыстық мекемелерден басқа енді аудандық және қалалық  білім бөлімдері, мектептер, мектепке дейінгі ұйымдар тексерілетін ескертілді.  Білім басқармасына қарасты облыстық мекемелер  көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсету, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмыстарын жетілдру ұсынылды.

    Сонымен қатар, барлық аудандық және қалалық білім бөлімдері көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды алу тәртібін насихаттайтын ақпараттық графикалар дайындап, әлеуметтік желілерде жариялады. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

Дата публикации
06 марта 2023