Білім алушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Облыс бойынша барлығы 338 мемлекеттік мектеп,                                395 мектепке дейінгі мекемелер (91 мемлекеттік,113 жеке меншік балабақша,191 шағын орталық бар,ондағы бала саны 14964) және 26 колледж (21 мемлекеттік, 5 жеке меншік, ондағы студент саны-14964) бейнебақылау камераларымен 100% қамтамасыз етілген. (барлығы 9884, ішкі-6443, сыртқы-3441)

        2022 жылы облыстағы 207 мектептің бейнебақылау камераларын жаңартуға 476 млн 883 мың теңге бөлініп, бүгінгі күні мектептің бейнебақылау камералары жаңғыртылды.

2023 жылы 221 білім беру ұйымдарының бейнебақылау камераларын жаңғырту үшін 329 млн 368 мың теңге бөлінді. (207 мектеп,14 колледж)

Талдықорған, Текелі қалаларындағы 38 мектебі арнайы күзетпен қамтамасыз етілді.

2023 жылы 141 білім беру ұйымдарына арнайы күзетпен қамту үшін 442 млн 154 мың теңге бөлінді.(51 мектеп, 90 балабақша)

Бүгінгі таңда 96 орта мектептің бейнебақылау камералары интернет арқылы Жедел басқару орталығына (ЖБО) қосылған.   

Облыста барлығы 106 білім беру ұйымдарында 202 дана турникет орнатылды. (96 мектепте 153, 10 колледжде                             49 турникет). (2021 жылы облыс бойынша барлығы 60 орта мектепке турникеттер орнатылды, 2022 жылы 36 білім беру ұйымдарына (27 мектеп, 3 арнайы интернат,                                6 колледж) турникет орнатуға 85 млн 513 мың теңге бөлініп, бүгінгі күнге туникеттер орнатылды.

2023 жылы облыстағы 75 білім беру ұйымына турникет орнату үшін 200 млн теңге бөлінді. (65 мектеп,10 колледж)

Облыстағы барлық 338 мектепте "Дабыл түймелері" орнатылды және олар аудандар мен қалалар полиция басқармаларының кезекші бөліміне  қосылды.

Дата публикации
01 марта 2023