Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы саны – 945, оның 786-і отбасылық тәрбиеге орналастырылған: қорғаншылық (қамқоршылықта) - 729, патронаттық тәрбиеде - 29, отбасылық үлгісіндегі балалар үйлерінде - 24, қабылдаушы отбасында - 4.
Сонымен қатар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда 130 тәрбиеленуші, оның ішінде:
- «Айналайын» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы -75;
- Жаркент қаласындағы №4 облыстық арнайы мектеп-интернаты - 22;
- Талдықорған қаласындағы мамандандырылған балалар үйі – 14;
- Талдықорған «Қамқор» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы - 19.
Облыстық колледждерде балалар үйлерінің 29 түлегі білім алуда.
Облыс аумағында «жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» - 3023, оның ішінде 0-18 жас аралығындағы - 945 оның 37-де меншік құқығында баспанасы болса, 35-де үлестік меншік құқығы бар, тұрғын үйге мұқтаж балалар саны - 908, мұқтаждар санынан мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін кезекке қойылған балалар саны - 880, құжататары жинақталуда- 28.
Жергілікті атқарушы органдары тарапынан 40 (Сарқан – 10, Қаратал -6, Кербұлақ – 3, Көксу – 4, Талдықорған қаласы – 1, Текелі қаласы – 16) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға баспана берілді.
2022-2023 оқу жылында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жұмысқа орналастыру болжауы бойынша 9,11 сыныптар 27 түлек бітіреді, оның ішінде оқуын жалғастыратын 10 сыныпта – 1, колледжде - 20, ЖОО-да - 7, денсаулығына байланысты оқымайтын (мүгедектігі) – 6.
2022 жылы асырап алынған балалардың саны - 21, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар туыстары - 4, Қазақстан Республикасының азаматтығы бар өгей әкесі мен анасы - 13, Қазақстан Республикасының азаматтары - 4.