Облыста ерекше білім беретін балалар саны - 7072, (оның ішінде мүгедектігі бар - 1709).
2022-2023 оқу жылында 2574 бала инклюзивті білім берумен қамтылған, оның 334-і мемлекеттік балабақшаларда, мектептерде - 973, колледждерде - 141. Интеграцияланған білім берумен 1298 бала қамтылған (балабақша топтарында - 120, жалпы білім бертін мектептердегі арнайы сыныптарда - 271 оқушы, үйден оқытылады – 921). 4 арнайы интернаттарда 350 бала білім алады.
283 жалпы білім беретін мектептерде (83,7%), 79 мемлекеттік балабақшаларда (86,6%), 18 мемлекеттік колледжде инклюзивті білім беруге жағдай жасалған. Жалпы білім беретін мектептерде 203 педагог-дефектолог, 165 логопед, 1 тифлопедагог, 74 педагог – ассистент жұмыс жасайды.