Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын тағайындау

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын тағайындау

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысымен бекітілген "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелері негізінде 2017 жылдан бастап гранттар тағайындалады.

Гранттар келесі жолмен тағайындалады:

  1. Жыл сайын білім басқармасы облыстық басқармалар, аудан және қала әкімдіктерінен еңбек нарығының қажеттіліктері бойынша ақпарат жинақтайды;
  2. Жыл сайын шілде айында облыс әкімінің өкімімен мемлекеттік тапсырысты орналастыру және білім беру гранттарын тағайындау бойынша облыстық комиссиялар бекітіледі;
  3. Облыстағы еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша комиссия гранттар тағайындалатын мамандықтар тізімін анықтайды;
  4. Бекітілген мамандықтар бойынша ЖОО арасында конкурс жарияланады, олар қажетті құжаттарын өткізеді;
  5. Комиссия отырысында гранттар орналастырылатын ЖОО тізімі анықталып, бекітіледі;
  6. Бекітілген мамандықтар бойынша 5-10 тамыз аралығында І.Жансүгіров ат.ЖУ қабылдау комиссиясында талапкерлердің шектік баллдары ескеріле отырып, құжаттары қабылданады. Бағыттар бойынша шектік баллдар:
  • «Педагогикалық ғылымдар» салсы 75 баллдан кем емес;
  • «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» 70 баллдан кем емес;
  • «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», "Ветеринария» 60 баллдан кем емес;
  • Ұлттық білім беру орындарына түсу үшін шектік балл 65-тен кем емес, ал басқа оқу орындарына түсуге 50 баллдан кем емес.
  1. Облыстық білім беру гранттарын тағайындау бойынша комиссия үміткерлердің құжаттарын қарастырып, ҰБТ сертификаттарының баллдары бойынша гранттарды тағайындайды.
  2. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен тағайындалатын білім беру гранттары иегерлерімен облыс аумағанда кем жегенде 3 (үш) жыл көлемінде жұмыс жасау бойынша үшжақты келісім-шарттар жасалады. Оқу үлгерімдеріне сәйкес ай сайын шәкіртақы төленіп тұрады.
  3. Студент өз еркімен немесе үлгермеушілігі бойынша оқудан шыққан жағдайда жұмсалған қаржыны өтеп беруге міндеттеледі. Бұл жағдайда қаражат бюджетке Казпочта арқылы қайтарылады.

Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары білім беру мамандықтары мен курсы бойынша ақылы негізде білім алып жатқан студенттерге конкурстық негізде беріледі

Конкурс үлгерімнің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша білім беру грантын беру туралы куәлік беріле отырып өткізіледі.

Ашық конкурс туралы хабарландыру кадрларды даярлау мамандықтар мен курстары бөлінісінде бос білім беру гранттарының саны көрсетіліп, ЖОО-ның сайтында орналастырылады.

Үлгерімнің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- ("үздік"), одан соң А, А- ("үздік") бағаларынан В+, В, В-, С+ ("жақсы") дейінгі бағалары бар, бұдан әрі – аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.

Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

1) ақылы негізде білім алушы ЖОО басшысының атына одан әрі жоғары білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді;

2) ЖОО сайттарында  GPA баллдары, мамандығы, курсы көрсетілген үміткерлер туралы ақпаратты жариялайды;

3) келіп түскен өтініштер ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің отырысында қаралады;

4) ЖОО ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің шешімі негізінде тиісінше ағымдағы жылғы 5 тамызға және 25 қаңтарға дейінгі мерзімде бос білім беру гранттарына үміткерлердің тізімін білім беру саласындағы уәкілетті органға шешім қабылдау үшін жолдайды.;

5) гранттарды тағайындау бойынша облыстық комиссия түскен құжаттарды қарастырып, оң шешім қабылдаған жағдайда білім басқармасы ваканттық гранттары қайта тағайындау бойынша бұйрық шығарады.

Бүгінгі күні еліміздің 18 жоғарға оқу орындарында 706 студент білім алуда, олардың 463-і әлеуметтік осал топтарының балалары.

2021 жылы облыс бойынша 85 түлек (І.Жансүгіров ат.ЖУ – 81 педагогикалық мамандықтар бойынша, ҚазҰАУ – 2 агрономия және агротехника, Жүргенов ат. ҚазҰӨА – 1 эстрада өнері, Қазақ спорт және туризм академиясы – 1 дене шынықтыру мұғалімі) диплом алды.  

2022 жылы 84 студент (І.Жансүгіров ат.ЖУ – 74 педагогикалық мамандықтар бойынша, ҚазҰАУ – 2 ветеринарлық санитария, С.Ж.Асфендияров ат. ҚазҰМУ – 3 жалпы медицина, Қазақ спорт және туризм академиясы – 3 дене шынықтыру мұғалімі, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ  – 1 музей ісі және ескерткіштерді қорғау, АТУ – 1 ақпараттық технологиялар) оқуларын аяқтап, диплом алды.

Дата публикации
28 февраля 2023