Балалар жылының қорытындысы

         Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі» деп, 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады (19.01.2022 жылдың  №780 Жарлығы).

Президент бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін қадап айтты.

ҚР Үкіметінің 20.03.2022 жылғы №148 қаулысымен  7 бөлім бойынша («Білімді бала», «Отбасы-қауіпсіз мекен», «Дені сау бала», «Баласын жетімсіретпеген ел», «Жайлы мекен», «Bala QORGAY». «BALA_TIME.KZ») іс-шаралар жоспары бекітілді.

Балалар жылын өткізу бойынша Штаб құрылып,  құрамына облыстық білім басқармасы, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, спорт, мәдениет, ішкі саясат, құқық қорғау органдары, ата-аналар комитетінің өкілдері енгізілді.

       Өткізілген іс-шаралармен қамтылған балалар саны - 162 439 (67,3%), оның ішінде көп балалы және аз қамтылатын отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,мүмкіншіліктері  шектеулі және басқа да санаттағы балалар.   

      397 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында  (мемлекеттік - 90, жекеменшік - 113, шағын-орталықтар - 194) 29 670 бала қамтылған. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 98%, 2 жастан 6 жасқа дейін-93,1% құрайды, 5-6 жасқа дейінгі 8296 бала жалпы білім беретін мектептерідің мектеп алды даярлық топтарында оқиды. 

2022-2023 оқу жылында 341 (мемлекеттік – 338, жекеменшік-3) жалпы білім беретін мектепте 129 640 оқушы білім алуда.

Тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету ерекше бақылауға алынды. Ыстық тамақ 298 (76%) мектепте, 41(12,1%) мектепте - буфеттік тамақтану ұйымдастырылған.

Әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардан шыққан 19 886 (15,4%) оқушы тегін дәрумендендірілген ыстық тамақпен қамтылды. Осы мақсаттарға 759,9 млн. теңге бөлінді (қыркүйек-желтоқсан).

Сонымен бірге, жалпыға бірдей білім беру қорынан 15001 оқушыға 561,3 млн.теңгеге мектеп формалары мен кеңсе товарлары сатып алынды.

Мемлекет ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға аса назар аударуда. Облыс бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар саны – 7210(оның ішінде мүгедектігі бар - 2269).

2022-2023 оқу жылында 1489бала(мемлекеттік балабақшаларда - 334, мектептерде - 973, колледждерде – 182) инклюзивті білім берумен қамтылған.

Интеграцияланған оқытумен 1298 бала қамтылды (балабақша топтарында - 120, жалпы білім беретін мектептердің арнайы сыныптарында -  257, үйде - 921).

Облыс бойынша «Болашақ», «Дара» қоғамдық қорымен жабдықталған инклюзияны қолдау кабинеті Талдықорған қаласындағы №7, №27 және Панфилов ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептерде  жұмыс  істейді.

«Білімді ұлт» Ұлттық жобасы аясында 2023 жылы Талдықорған қаласы мен Көксу ауданында педагогикалық-психологиялық түзету кабинеттерін ашу жоспарлануда.

Балалардың бос уақытын тиімді пайдалануы үшін маңызды факторларының бірі - қосымша білім беру болып табылады. Облыста балаларды қосымша біліммен қамту 75,5% құрайды. Бұл ретте 17 (мемлекеттік- 16, жекеменшік - 1) қосымша білім беруде 9832балалар мен жасөспірім қамтылған.

Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдерді спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша спорт секцияларында 5763 бала шұғылданады. Шығармашылық тапсырыс бойынша балалар саны -24372.

Облыстық «Жетісу жұлдыздары - 2022» балалар шығармашылық байқауына 800 бала қатысып, 7 номинация бойынша 116 жеңімпаз мараппаталды,бұл шараға 7 млн 558 мың теңге бөлінді.

6-9 мамыр аралығында Астана қаласында өткен  XV  Халықаралық  «Ақ көгершін»  балалар шығармашылық байқауына 21-өнерпазқатысып, 8 бала  лауреат атанды, оған 2, 348млн.теңге бөлінді.

Жас спортшылар Әлем, Азия және Қазақстан Республикасының әр түрлі деңгейде өткен 100 ден астам чемпионаттарына  қатысып, 1000(оның ішінде 120 алтын, 510 күміс, 370 қола) медаль жеңіп алды.

Облыс бойынша 8 (мемлекеттік - 5, жеке меншік - 3) қала сыртындағы лагерьлер жұмыс істеді. 2022 жылы 4189 (3,3%) оқушыға (жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, аз қамтылған балалар) облыстық бюджет қаражаты есебінен жазғы демалыс ұйымдастырылды, осы мақсатқа 119,04 млн.теңге.

Демеушілер есебінен 5513 (4,4%) бала, ата-аналар есебінен 5743 (4,5%) оқушы жазғы демалыспен қамтылды, 23897(18,8%) балалар аудандар мен қалалардың (Көлсай, Шарын, Іле Алатауы, Алтынемел, Жоңғар Алатауы) мәдени-тарихи орындарына барды.

2023 жылы Алакөл ауданы Ақши ауылында 100 орындық «Жалын» жазғы сауықтыру орталығын ашу жоспарлануда, оған 1 млрд. 17 млн. теңге қаражат бөлінді.

Сонымен қатар, Ескелді ауданында 500 орындық «Көктөбе» сауықтыру орталығын ашу үшін,  180 млн. теңге қаражатқа сұраныс беріліп,2023-2028 жылдар аралығында Талдықорған қаласында120 орындық «Жас Талап», Ақсу ауданында 200 орындық «Шымбұлақ», Кербұлақ ауданында 80 орындық «Талдыбұлақ» жазғы сауықтыру орталықтарын ашу жоспарлануда.

Облыста дарынды балалар анықтау және қолдау мақсатында «Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығы жұмыс атқарады. «Балалар жылы» аясында аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларға 17 693 облыс оқушылары қатысты. Оның ішінде, 1309 оқушы жүлдегер атанды (193 алтын, 363 күміс, 727 қола медаль).         

Жеңімпаз оқушыларды дайындаған және оқушылары үздік нәтиже көрсеткен педагогтар үшін «Дарынды ауыл балаларына – талантты ұстаз» номинациясының жүлдегері Көксу ауданы, Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінің ұстазы Н.Кимге 1 млн.теңге табыс етілді.

Сонымен бірге,республикалық, халықаралық ісшараларда жүлдегер атанған және жас журналист оқушылар арасында облыстық Бейсен Құранбек атындағы шығармашылық байқауының жеңімпаздарына 5 млн.теңге көлемінде ақшалай сертификаттар табысталды.

«Білімді ұлт» ұлттық жобасы аясында 90 модификацияланған сыныптарға (физика -30, химия- 32, биология -28) 939,6 млн. теңге  бөлінді.

Өскелең ұрпақтың бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, оқу белсенділігі мен оқу сапасын арттыру, мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы іске қосылды. Білім беру ұйымдарының кітап қорын көркем әдебиетпен толықтыруға 2022 жылы 141,7  млн. теңге бөлініп, 97130 бірлік көркем әдебиет сатып алынды.

Талдықорған мен Текелі қаласының оқушылары мен студенттері (100%) қоғамдық көлікте тегін жол жүрумен қамтамасыз етілді. Бұл мақсатқа 2022 жылы оқушылар мен студенттерге 830,4 млн. теңгебөлінді.

Ағымдағы жылы жоғарғы оқу орындарына 69 облыс әкімінің гранты бөлінді, оның 38-і әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға арналған.

Сонымен қатар, этносаралық қатынастарды қалыптастыру, патриоттық, құқықтық тәрбиені күшейту мақсатындаоблыстың аралас мектептерінде құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері қатарынан 14 «құқықтық тәрбие жөніндегі менеджер» штат бірліктері енгізілді, бұл үшін облыстық бюджеттен14 млн.теңге бөлінді.

Балалар жылын іске асыру шеңберінде облыста қоғамдық негізде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілді.

Білім басқармасы облыстық Аналар кеңесімен бірлесіп балалардың қауіпсіздігін, облыстың аудандары мен қалаларында балаларды тәрбиелеу үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында олармен «Баланың жақсы болуы ата-анадан» атты тақырыбында кездесулер өткізді.

2022 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің атынан облыстық Жаңа жылдық шырша өткізіледі.Шыршаға жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше білім беруді қажет ететін балалар, аз қамтылған,  көп балалы отбасының баларының арасынан оқу озаттары, дарынды 200 бала қатысады, оған 20 млн. теңге бөлінді.

Облыс бойынша медициналық тексеруден 220 242 бала өтті, оның ішінде әр түрлі аурулармен анықталғандар  балалар саны - 23 372 (13,9%), диспансерлік есепке алынған балалар саны – 3 252 (13,9%).

Балалар неонатальды скрининг - 99,3%, психофизикалық скрининг - 98,5%, аудиологиялық скрининг - 98,7%, офтальмологиялық скрининг - 95,3% қамтылған.

Бүгінгі күні мүгедек балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды уақытылы сауықтыру үшін Астана қаласының «Ұлттық балалар оңалту орталығына» - 22, Алматы қаласының «Балбұлақ» орталығына -13, «Алатау» санаторийіне - 42, облыстық медициналық мекемелердің оңалту бөлімшелеріне - 673 бала жіберілді.

Ағымдағы жылдың наурыз айында «Қайырымды ұлт» республикалық қайырымдылық акциясы аясында 126 «Айналайын» балалар үйі мен Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне 1,5 млн. теңге көлемінде ойыншықтар, спорттық инвентарлар және т.б. сыйлықтар табыс етілді.

1-маусым Балаларды қорғау күні демеушілер тарапынан 1,1 млн. теңгеге «Айналайын» балалар үйінің 101 тәрбиеленушісіне мерекелік дастархан ұйымдастырылып, сыйлықтар  берілді.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 40 (Сарқан -10, Каратал - 6, Кербұлақ -3, Көксу - 4, Талдықорған -1, Текелі - 16) пәтер берілді.

Талдықорған қаласының әкімдігі мен Отбасы банк «Жетісу жастары» бағдарламасы жүзеге асырылды, балалар үйінің  түлектері  несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%, егер бағдарламаның болашақ қатысушылары құрылыс салушыдан жаңа тұрғын үй алуды жоспарласа, онда бастапқы жарнама 0%, егер үй немесе пәтер қайталама нарықтан сатып алынса, онда бастапқы жарна 10% несие 19 жылға беріледі.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 208 жалпы білім беретін мектептің бейнебақылау қондырғыларын модернизациялауға 476,9 млн.тенге, 32 мектепке турникеттер орнатуға  81,3 млн. теңге бөлінді.

Барлық 338 мектепте «дабыл түймелері» орнатылып, аудандар мен қалалар полиция басқармаларының кезекші бөліміне шығарылды, осы мақсаттарға 106,4 млн.теңге бөлінді. Сонымен қатар, 40 білім беру ұйымдары мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етілген.

Балаларды қауіпсіз тасымалдауын ұйымдастыру ұшін лизингке 7 автобус сатып алуға 292,5 млн. теңге бөлінді.

2022 жылы 4,9 млрд.теңгеге 9 білім беру объектісінде (6 мектеп, 1 балабақша, 2 колледж) күрделі жөндеу жүргізілуде.

Облыста «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдар аралығында Алакөл, Қаратал, Көксу, Кербұлақ, Панфилов аудандарында және Талдықорған қаласында 8700 орындық                          10 мектеп салу жоспарлануда.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан Балалар жылы аясында пайдалануға берілген объектілер:

- Талдықорған қаласындағы оқушылар сарайында «Жас ұшқыштар»                   (50 орындық) кабинеті;

-Кербұлақ ауданында «Жәнібек»(75 орындық), Талдықорған қаласында «Тик-так» (75 орындық), Панфилов ауданында «Мадагаскар»(284 орындық), Ескелді ауданында «Алақай» (140 орындық) балабақшалар;

-«2025 жылға қарай 1000 мектеп» бағдарламасы аясында Панфилов ауданында Басқұншы ауылында И.Крылов атындағы орта мектеп(300 орындық), Бөрібай ауылында А.Бөкейхан атындағы модульді орта мектеп(110 орындық), Қаратал ауданының Қ.Тоқаев орта мектебіне қосымша ғимарат (200 орындық);

- Ескелді ауданының орталық ауруханасы жанындағы Бақтыбай ауылының ауруханасында оңалту бөлімшесі (20 орындық);

- Ерекше күтім қажет ететін балаларға арналған 3 арнаулы оңалту орталығы Алакөл ауданы Үшарал қаласында «Жансая» (50 орындық),Сарқан ауданы Сарқан қаласында «Сенім»(30 орындық), Панфилов ауданы Жаркент қаласында «Мерей» (40 орындық);

- Текелі қаласында Жастарға қызмет көрсету орталығы(68 орындық);

- Күрделі жөндеуден кейін Талдықорған қаласындағы сервис және технологиялар колледжінің (237 орындық),Сарқан ауданында политехикалық колледжінің жатақхана (55 орындық);

- Талдықорған қаласының 39 көпқабатты тұрғын үйінің аула алаңдары қайта жаңартылды.

Меценаттар тарапынан балалар мен жасөспірімдерді спортпен жүйелі түрде шұғылдану мақсатындаАқсу ауданы Ақсу ауылында (180 орындық) спортық кешені, Панфилов ауданы Бөрібай ауылында (50 орындық) жаттығу залы ашылды. Ақсу ауданы Ақсу ауылында 37 млн. теңгеге балаларға арналған саябақ салынды.

Сонымен қатар, Талдықорған қаласының оқушылар сарайына, Текелі қаласының балалар жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығына                         2 автокөлік, Қаратал ауданының Қ.Тоқаев орта мектебіне 2 автобус берілді.

Медиа-жоспарға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында барлығы 4 993 (оның ішіндегазеттер мен сайттарда - 218, телеарнада - 25, әлеуметтік желілерде - 4 717, билбордтар -  33)материал жарияланды.

 «Жетісу» телеарнасының эфирінде «Мамандық маңызы» бағдарламасы ашылды. Ақпараттық материалдар «Facebook», «Instagram», «Вконтакте» және тағы басқа әлеуметтік желілердің беттерінде орналастырылуда.

Іс-шаралар мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар, демеушілер, меценаттар, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен ұйымдастырылды. 

Бұндай іс-шаралар Балалар жылы аясында ғана емес келесі жылыда жалғасатын болады.

 

Дата публикации
28 февраля 2023