«Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Айналайын» балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы

 «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Айналайын» балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы  

 

 Қазақстан Республикасы Азаматтық  кодексінің (Жалпы бөлім) 38 және 42-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17, 125-баптарына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Айналайын» балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Айналайын» қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.  
  2. «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Айналайын» қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысын бекітсін және аумақтық әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуден өткізсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р. Алиге жүктелсін.  

 

Облыс әкімі                                                           Б. Исабаев 

Дата публикации
28 февраля 2023