Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, 
жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға Қазақстан Республикасы  жоғары оқу орындары арасында конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Конкурс мәні

Жергілікті бюджет қаражатынан 2022-2023 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы.

 

Конкурс ұйымдастырушысы

«Жетісу  облысының білім басқармасы» ММ

Пошталық мекенжайы: 040000, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 504-кабинет

Байланыс телефондары: 8 (7282) 32-94-12, 87016742055

 

 

Конкурс туралы ақпарат

Конкурс Жетісу  облысы әкімінің 2022 жылғы 15 шілдедегі «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескереотырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға конкурс өткізуді жариялау туралы» №88-р о/д өкімі негізінді өткізіледі.

Конкурсқа мамандықтар шегінде әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындары қатыса алады.

Конкурс қатысушылары дайындаған конкурстық тапсырыс мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

  1. Жоғары оқу орнының өтінімі (13-қосымша*)
  2. Жоғары оқу орнының сауалнамасы (6-қосымша*)
  3. 2022-2023 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстар (7-қосымша*).

*ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтарындағы №122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына қосымша

Берілген қосымшалар қағаз және электронды тасымалдағышта ұсынылады.

Ақпараттық картаның және мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша ұсыныстардың электрондық нұсқасын адрес s.samanova@zhetysu.gov.kz, saida.ssk@mail.ru электронды мекенжайларға жіберу қажет.

Байланыс телефондары 8 (7282) 32-94-12, 87016742055

Конкурстық өтінімге ұсынылған құжаттар тігілген, нөмірленген, жоғары оқу орнының бірінші басшысының қолы қойылып, мөрмен расталуы қажет.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер желімделген конвертте 040000, Жетісу облысы, Талдықоған қаласы, Қабанбай батыр, 26, 504-кабинетке жіберіледі.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімдері: 2022 жылғы 27 шілде – 2 тамыз аралығында сағат 18.30-ға дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен).

 

  1. Жалпы конкурс

№

Білім беру бағдарламалары тобы

Саны

1

В003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

5

2

В009 Математика мұғалімдерін даярлау

5

3

В010 Физика мұғалімдерін даярлау

5

4

В013 Биология мұғалімдерін даярлау

5

5

В086 Жалпы медицина

5

 

БАРЛЫҒЫ:

25

 

  1. Жергілікті бюджет есебінен көп балалы және аз қамтылған отбасы балалары арасындағы конкурс

№

Білім беру бағдарламалары тобы

Саны

1

В003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

5

2

В009 Математика мұғалімдерін даярлау

5

3

В010 Физика мұғалімдерін даярлау

5

4

В012 Химия мұғалімдерін даярлау

5

5

В018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау

3

6

В057 Ақпараттық технологиялар

2

7

В060 Химиялық инженерия  және процестер

2

8

В061 Материалтану және технологиялар

2

9

В062 Электр техникасы және энергетика

2

10

В063 Электр техникасы және автоматтандыру

4

11

В064 Механика және металл өңдеу

3

12

В068 Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

3

13

В071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру

2

14

В075  Кадастр және жерге орналастыру

2

15

В077 Өсімдік шаруашылығы

2

16

В079 Орман шаруашылығы

2

17

В083 Ветеринария

2

18

В086 Жалпы медицина

10

19

В183 Агроинженерия

2

20

В091 Туризм

2

 

БАРЛЫҒЫ:

65

 

 

 

Дата публикации
28 февраля 2023