Положение

 

 

Жетісу облысы әкімдігінің

2022 жылғы «27» маусымдағы

№ 4 қаулысымен бекітілген

 

 

«Жетісу облысының білім басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

1 - тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) облыс аумағындағы мектеп жасына дейінгі, мектептен тыс тәрбие беру мен оқыту, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау, қосымша білім беру жүйесінің атқарушы органы, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды, сондай-ақ Жетісу облысының аумағында кәмелетке толмағандарға қатысты қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі мемлекеттік функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
  2. Басқарманың ведомствалары жоқ.
  3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, индекс 040000, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
  12. Басқарма қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
  13. Басқарма кәсіпкерлік субъектілерімен «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқарма заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:

- білім мәселелері жөніндегі азаматтардың конституциялық құқығын қамтамасыз етеді;

- өңірлік, демографиялық және басқа ерекшеліктерді ескере отырып, мектеп жасына дейінгі, мектептен тыс тәрбие беру мен оқыту, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру мәселелері бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

- облыста білім жүйесінің мемлекеттік тұрғыда қызмет етуін қамтамасыз ету, қоғам талабының өзгерісіне сай жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес оның дамуын әлеуметтік тұрғыда қорғау;

- балалар мен оқушы жастарды, білім саласындағы қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», Баланың құқықтары туралы конвенцияны, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқақтары туралы» Заңдарын және балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді іске асыруды қамтамасыз ету;

- аудандық (қалалық) білім бөлімдерімен бірлесе отырып, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларды қамқорлық пен қорғаншылыққа алуды ұйымдастыру;

- орта мектеп бітіруші түлектерін жұмысқа орналастыру және оларға кәсіптік-техникалық білім беру мәселелерін шешу жөніндегі аудандық, қалалық білім бөлімінің жұмысын жетілдіру;

- облыстың білім беру саласында кадр саясатын қалыптастыру: орта білімді реформалау және экономикалық жаңа қатынастар жағдайында педагогикалық, инженерлік-педагогикалық және басару органдары қызметкерлерінің біліктілігін көтеруді ұйымдастыру;

- облыстық білім мекемелерінің қоғаммен, ақпарат құралдармен, басқа да мемлекеттік және жергілікті басқару органдарымен бірлескен жұмысының аумағын кеңейту.

  1. Өкілеттіктері:

1). Құқықтары:

- басқарма еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен, барлық тиісті мекемелер және ұйымдарымен бірлесе отырып, жастар мен жұмыстан босағандар тілегін ескере келе, өңірлік білім бағдарламасын әзірлейді және жүзеге асырады;

- басқарма оқушыларды, тәрбиенушілерді және педагог қызметкерлерді материалдық қамтамасыз ету нормаларымен, оның түрлерімен және қосымша жеңілдіктер беру жөнінде ұсыныс даярлайды, сонымен қатар, оқушыларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі әлеуметтік-кепілдеме нормативтерін өзгерту туралы ұсыныс береді және ол мәселені облыс әкімдігінде көтереді;

- басқарма облыстың білім жөніндегі мекемелерінің ғимаратпен және мекен-жаймен қамтамасыз етілуін қадағалайды және олардың жағдайына талдау жасап отырады. Облыс әкімінің қарауына мекемелердің материалдық-техникалық базасының сақталуы және оның дамуы жөнінде ұсыныс береді. Білім мекемелерін салу, қайта жаңарту, күрделі жөндеу жөніндегі тапсырыстарды жоспарлайды және орналастырады. Облыс әкімдігіне жаңа білім жүйесі объектілерін жобалау және құрылыс салу жөнінде ұсыныс енгізеді;

- экономика және бюджетті жоспарлау басқармасымен бірлесіп, жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, білім мекемелерінің барлық типінде балаларды оқытуға қажетті әлеуметтік-кепілдеме нормативін жасайды және оны аудандық, қалалық білім бөлімдеріне жеткізеді. Жергілікті атқару органдарына білім жөніндегі бюджет жобасы туралы ұсыныс енгізеді. Білімді дамыту және қолдау көрсету қорын құрады. Өңірлік білім жүйесінің қаржыландыруына талдау жасайды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне, облыстық әкімдіккене білім саласындағы мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру мәселесі жөнінде ұсыныс жасайды, сонымен қатар, облыс аумағында орналасқан республикалық бағыныстағы объектілердің қаржыландырылуын қадағалайды. Өңірлік білім жүйесінің экономикалық механизмін жетілдіреді;

- облыста жаңа ақпарат жүйесін әзірлейді және құрады;

- басқарма білімнің мемлекеттік басқару жүйесін дамытады және жетілдіреді. Диагностика, талдау және алдын-ала болжау негізіне сүйене отырып, құрылымды қалыптастыру жөнінде ұсыныс жасайды;

- басқарманың қармағындағы мемлекеттік мекемелерді және кәсіпорындарды құру, қайта құру, қайта атау және тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу және олардың Жарғылары мен Ережелерін бекіту;

- басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен атқарушы органдардан, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар, меншік нысанына қарамастан, қажетті құжаттар, ақпараттар, мәліметтер, анықтамалық және өзге материалдар сұрату және алу;

- оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;

- басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте конференциялар, семинарлар, кеңестер мен кездесулер ұйымдастыру және өткізу;

- ішкі пайдалану үшін пайдаланылатын ұсынылған құжаттардың көшірмелерін растау;

- басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік құралдар шығару, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құзыреті шегінде лауазымды тұлғалармен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

- өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;

- білім беру мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардан, білім беру ұйымдарында, мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын әртүрлі ұйымдардың оқу курстарынан бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтерді, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар), нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлауға жоспарланған мамандар саны туралы ақпаратты сұрату.

2). Міндеттері:

- басқарма облыс көлемінде оқыту, тәрбиелеу, оқушылар өмірі мен денсаулығын қорғау мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан сынақты ғылыми-әдістемелік және психологиялық-медициналық-педагогикалық жағынан қамтамасыз етеді. Аудандық, қалалық білім бөлімдері мен облыстағы жалпы білім беретін мекемелерге көмек көрсететін психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік, заң және диагностикалық орталықтар құрады (уақытша, түпкілікті, бюджеттік, бюджеттен тыс). Облыста білім саласында жаңалық енгізуге, оқыту мен тәрбиелеу жөнінде жаңа технология ендіру үшін сынақ алаңдарын ұйымдастырады. Жаңалықтардың кешенді, сарапталуын ұйымдастырады, жаңа оқу жоспарын, оқу бағдарламаларын, педагогикалық және басқару жаңалықтарын сынақтан өткізеді. Оларды іске асыру жөнінде ұсыныс жасайды. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігіне және жаңа бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету туралы ұсыныс жасайды;

- басқарма облыстағы білім мекемелерінінің педагогикалық және басшы мамандармен қамтамасыз етілуін зерттейді және олардың жаңа мамандар әзірлеу жөніндегі сұранысын болжауды жүзеге асырады. Жоғары оқу орындары, колледждер, мамандар кәсіби біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын мекемелермен бірлесе облыстық педагогикалық кадрлар жүйесін құрады және жетілдіреді. Облыстық білім мекемелерінің басшылары мен педагог мамандарды аттестациядан өткізеді, білім беру органдары мен мекемелерінде аттестациялау ережесінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

- басқарма өз құзыреті аясында білім мекемелерін оқулықтармен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне оларды басу, қайта басу жөнінде жоспар ұсыныс әзірлейді. Мектепалды, бастауыш, жалпы орта және негізгі орта мектептерге жалпы білім беретін оқулықтарды тарататын аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету ісіне бақылау жасайды;

- басқарма алқасының, өңірлік комиссияның отырыстарында меншік нысанына қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер басшыларының Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша есептерін тыңдау;         

- басқарма құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау бойынша комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу;

- басқарма құзіретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;

- басқарманың мүдделерін мемлекеттік органдарда, сотта білдіру;

- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктер шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Функциялары:

- білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және халықтың білімге деген сұранысын қанағаттандыруға жағдай тудыру жөнінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарына көмек көрсету;

- барлық оқушылардың жалпыға бірдей міндетті орта білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

- облыстық білім ұйымдарының аудандар және қалалардағы тиімді білім беру қызметін қамтамасыз ету, барлық үлгідегі ведомстволық оқу орындары үшін білім мазмұнының өңірлік құрамдас бөлігін жасау.

     - тиісті облыс аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

               - ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органымен және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдерінің бірінші басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

 - Қазақстан Республикасы заңнамасында, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ведомстволық бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

 - облыс аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерін әкімшілендіру және қаржыландыру функцияларын орындайды;

 - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді;

 - балаларды арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;

 - мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;

 - облыс аумағында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта, сондай-ақ қосымша білім беруді ұйымдастырады және оған жауапты болады;

 - білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

 - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, облыстың жергілікті атқарушы органдарына білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің ұсынуы бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, мамандандырылған жалпы білім білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;

 - аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімінің ұсынысы бойынша қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін, сондай ата-ананың ақы төлеу мөлшерін облыстың жергілікті атқарушы органдарының бекітуіне енгізеді;

 - мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын облыстың жергілікті атқарушы органдарының бекітуіне енгізеді;

                  - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын облыстың жергілікті атқарушы органдарының бекітуіне енгізеді;

                   - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын облыстың жергілікті атқарушы органдарының бекітуіне енгізеді;

                  - мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;

                  - білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

                   - облыстың білім беру саласындағы кадр саясатын іске асырады, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау үшін педагогтерді аттестаттауды, тестілеуді өткізеді және ұйымдастырады;

                  - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

                   - жыл сайын 1 тамызға дейін мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім беру органдары оқу жылына болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;

                   - орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарының жалпы білімі беретін пәндері бойынша облыстық мекеп олимпидаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ балалар мен педагогтар арасында олимпиадалар мен конкурстар өткізуді ұйымдастырады;

                  - облыстық деңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

                  - бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

                  - балалар мен жасөспірімдердің зерттеп-қарауды және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді үйлестіреді және қамтамасыз етеді;

                  - дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;

                  - жетім балалар мен ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін жетім балаларды, сондай-ақ ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

                  - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

                  - берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердің кадрлар қажетсінуі туралы өтінімді білім беру саласындағы уәкілетті органдарға жыл сайын 15-ші сәуірге дейін ұсынады;

                  - облыс мәслихатына білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы жергілікті атқарушы орган арқылы ұсыныс енгізеді;

                  - білім беру мониторингін жүзеге асырады;

                  - жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде статистикалық байқаулар деректерін жинауды қамтамасыз етеді;

                  - кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

                  - кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;

                  - облыс білім басқармасына ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;

                  - облыс білім басқармасына ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

                  - ведомстволық бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарының тарификациялық тізімдерін, штат кестесін, жұмыс оқу жоспарларын, сондай –ақ сынып-жинақтардың, олардағы топтардың санын келіседі;

                  - облыстың мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жүзеге асырады;

                  - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстың білім басқармасына ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

                  - конкурстардың өткізілуін қамтамасыз етеді, конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын төлеуді ұйымдастырады;

                  - негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

                  - облыстық әдістемелік кабинеттің (орталықтың) материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;

                  - орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;

                  - білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекітеді;

                  - дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

                  - конкурстардың өткізілуін қамтамасыз етеді, конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына «Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым» грантын төлеуді ұйымдастырады;

                  - облыстың білім беру ұйымдарында ерекше білім беруіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алу үшін арнайы жағдайлар жаайды;

                  - білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді және үйлестіреді;

                  - облыстың коммуналдық қазыналық білім беру кәсіпорындары өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекітеді;

                  - облыстың жергілікті атқарушы органына мемлекеттік қызметшілердің, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдерінің штат санын бекіту туралы ұсыныстар енгізеді;

                  - аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің: басшының орынбасарының, бас бухгалтердің және әдістемелік кабинетті бастаушының жекелеген лауазымдарын (азаматтық қызметшілерін) тағайындауға келісім береді;

                  - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі басшысының ұсынуы бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімінің құрылымын келіседі;

                  - білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша облыстың білім беруді басқару құрылымын бекітеді;

                  - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімдерінің бірінші басшыларын және мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауаптылыққа тартады;

                  - неғұрлым ерекшеленген білім беру қызметкерлерін көтермелейді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, жергілікті атқарушы органның ерекшелік белгілерімен марапаттауға, құрметті атақтар беруге кандидатураларды ұсынады;

                  - мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді

                  - білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелетін және оларға қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

 

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  3. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. Бсқарманың бірінші басшысының уәкілеттігі:

- басқарма басшысы орынбасарларын облыс әкімінің келісімімен тағайындайды және жұмыстан босатады.

- басқармаға, оның құрылымдық бөлімшелері мен бағынысындағы мекемелерге басшылық етеді.

- білім жүйесіндегі мекемелер мен барлық бөлімшелер үшін міндетті болып саналатын, басқарманың құзырына жататын бұйрықтар, нұсқаулар шығарады, алқа шешімін қабылдайды;

- белгіленген тәртіппен білім басқармасының құзырына кіретін мәселелер бойынша шешімдердің жобасын енгізеді;

- облыс әкімі бекіткен құрылым мен аппараттық штат кестесіне сәйкес оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, аппарат қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын, басқарманың жұмыс регламентін, сондай-ақ білім басқармасының аппаратын, облыстық бюджеттен қазыналық кәсіпорындарды сақтауға кететін шығындар сметасын, облыстық білім мекемелері педагогикалық қызметкерлерінің жаңа оқу жылына арналған тарификациялық тізімін бекітеді;

- мемлекеттік бос лауазымдарға орналасу үшін кадрлар таңдау конкурсының өткізілуін қамтамасыз етуді, мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауын, аттестациядан өтуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

- лимиттен тыс жасалған келісімге жауапкершілікте болады;

- басқармада жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікке тартылады.

  1. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

 

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Басқарманың мүлкі оған меншікті иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дата публикации
09 августа 2022