2023 жылдың 1 қарашасына Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба.
Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2023 жылға арналған қаржы жоспары бойынша 2 019 406 мың теңге ақшалай қаржылар қарастырылған, оның ішінде:
001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша басқарма қызметшілеріне еңбек ақы төлеу, салық төлеу, іс сапар шығындарын төлеу, басқарманы ұстауға 446 262 мың теңге бөлінген. Нақты игерілгені 331 289 мың теңге (74,2%). Игерілмей қалғаны – 114 973 мың теңге (25,8%). Ақшалай қаржылардың игерілмеуі мемлекеттік сатып алудан оның ішінде коммуналдық, байланыс қызметтері мен іс-шаралардан үнемделген қаражат, сонымен қатар басқарма қызметкерлерінің проекттарды жобалау бойынша оқуының басқа айларға ауысуына байланысты, төлем қаражаттары.
005 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша негізгі құралдар сатып алуға қарастырылған 32 943 мың теңгеден, игергені 5 589 мың теңге, ол 17 % құрайды. Қалған қаражат, компьютерлер сатып алу ашық конкурс нәтижесі бойынша игеріледі.
007 «Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер» бағдарламасы мамандарға әлеуметтік қолдау кқрсету (тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер беру) бойынша қарастырылған 1 066 050 мың теңге, 843 525 игеріліп, 79,13% құрады.
061 «Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия мәселелері жөніндегі құжаттаманы сараптау және бағалау» бағдарламасы бойынша қарастырылған 65 000 мың теңгеден, игерілгені 32 500 мың теңге, ол 50 % құрайды.
065 «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бағдарламасы бойынша облыста бюджеттік инвестициялық жобаларға талдау және сараптама жүргізу мақсатында «Жетісу облысының сараптама орталығы» ЖШС құрылғанына 94 023 мың теңге қарастырылған, толық игерілді, 100 % құрайды.
113 «жергілікті бюджеттерден трансферттер (мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға)» бағдарламасы бойынша қарастырылған 315 128 мың теңге, 210 163 игеріліп, 66,7 % құрады.
Барлық жүргізілген төлемдер ҚР қолданыстағы бюджеттің заңнамаларға сәйкес жүргізілді.
Қаржыландыру бөлімінің басшысы Г. Қуатбекова