Облыстың 2023 жылдың қаңтар-қазан айларындағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама
Өнеркәсіпте 253,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем көрсеткіші – 103,1%-ті құрады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,5% өсіммен 417,2 млрд. теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 165,1 млрд. теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,5 есеге ұлғайды.
237,9 мың шаршы метр тұрғын үйлер қолданысқа берілді, немесе 2022 жылдың сәйкес деңгейінен 22,6% артты.
Облыс экономикасына 240,7 млрд. теңге инвестициялар тартылды, нақты көлем индексі – 119,8%.
Көлік қызметтерінің көлемі 136,9 млрд. теңгеге жетті, нақты көлем индексі – 100,4%, байланыс қызметтері – 7,3 млрд. теңге, нақты көлем индексі – 1,3 есе.
Сауда айналымының көлемі 1,6 есеге өсіп, 487,5 млрд. теңгені құрады.
Тұтыну бағаларының индексі 108,5% құрады (ҚР – 107,9%), оның ішінде азық – түлік тауарларына – 107,1%, азық – түлік емес тауарларына – 108,1%, ақылы қызметтерге – 111,8%.
Мемлекеттік бюджеттің жоспары 107,9%-ке орындалды, болжамдағы 223,7 млрд. теңгенің орнына
241,3 млрд. теңге түсті (оның ішінде республикалық – 180,6 млрд. теңге немесе 107,6%, жергілікті – 60,7 млрд. теңге немесе 108,8%.
Жалпы облыста 31 599 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 21 106 тұрақты орындарға.