
Стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімі «Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімнің негізгі міндеттері: стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын қалыптастыру; басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдар әзірлеу; басшылық тапсырмаларын орындау, кіріс және шығыс ақпараттары бойынша ақпараттық-талдау материалдары мен қорытындылар дайындау мерзімдері мен сапасының сақталуын қамтамасыз ету; бұйрықтар, нұсқаулықтар, қаулылар, өкімдер мен басқа да құжаттар жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру.