«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары азаматтарға халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің қызметіне жүгінбестен бұрын еGov mobile қосымшасына тіркелуге кеңес береді. Өйткені қазіргі уақытта осы қосымшада мемлекеттік қызметтердің көптеген түрі қолжетімді.
ХҚО-ға кезекті электрондық түрде алдын ала брондаудан бастап мемлекеттік қызметтер алып қана қоймай, тіпті жеке куәлік, балалардың туу туралы куәлігі сияқты құжаттардың цифрлық түрін алуға болады.
Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша бүгінгі күні «еGov mobile» мобильдік қосымшасында цифрлық құжаттардың 19 түрі іске асырылды, оларда QR-код арқылы 10,56 млн. пайдаланушы 12,8 млн. реттен астам (2021 жылы – 5,3 млн. рет, 2022 жылы – 7,4 млн. рет) пайдаланды.