
Интернетке қол жеткізу - елдің цифрлық дамуының және экономикалық өсімді жеделдетудің алғы шарты. Бүгінде құрылып жатқан телекоммуникациялық инфрақұрылым Жетісу облысының экономикасын, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін принципті жаңа даму траекториясына көшудің негізі болады.
Маңызды мәселе - радиобайланыс, телекоммуникация мен интернетке қол жеткізу қиын немесе мүлде болмаған кезде, әсіресе ауылдық жерлерде және шалғай аудандарда цифрлық теңсіздікке бөліну. Бұл кедергіні жою және интернет желісіне ең жақсы қолжетімділікті, барлық азаматтардың сапалы байланысын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және байланыс операторларымен бірлесіп, тұрғындар саны 250 және одан да көп ауылдарда интернетке кең жолақты қол жеткізу желісін салу жөніндегі жобалары жүзеге асырылуда. Облыс бойынша талшықты-оптикалық байланыс желілерін төсеу, 3G, 4G буынды ұтқыр байланыс құрылыстары мен объектілерін салу міндеттері ілесе жүреді және іске асырылады, сондай-ақ интернет желісіне қол жеткізу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау жүргізіледі.
Байланыс сапасына шағымдар туындаған жағдайда тұрғын Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясына проблеманы, өтініш берушінің байланыс деректерін және нақты мекенжайын көрсете отырып, ресми өтініш жазуға құқылы. Осы өтініш негізінде байланыс операторларына қатысты көрсетілетін қызметтердің сапасына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Бұзушылықтар анықталған кезде оларды түзету туралы нұсқама беріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады. Интернет сапасы нашарлауы ауа райының қолайсыздығына, таулар мен ғимараттарға, жертөлелер мен тоннельдерге, электр құрылғыларына немесе сигналға кедергі келтіретін арнайы жабдықтарға байланысты.