ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Жетісу облысының әкімі

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың

Наурыз мейрамымен құттықтауы

 

Құрметті  Жетісу облысының тұрғындары!

Көктемнің шуақты мерекесі – әз-Наурыз мейрамына орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!

22 наурыз – күн мен түн теңелетін, шығыс күнтізбесінде жыл басы саналатын ерекше күн. Көне тарихтың қойнауынан тамыр тартқан Ұлыстың ұлы күні табиғаттың қайта түлеуімен қатар, адамзат пен қоршаған ортаның үйлесімде өмір сүруіне,рухани жаңғыруға және мәдени мұраларымызды берік сақтауға үндейді.

Ата-баба даналығындәріптей отырып, «Наурызнама» онкүндігінің әрбір күніқазақ халқының өмір салты мен дәстүрін паш ететін символдық мәнге ие болды. Оған қоса биылғы«Көрісу күні» Бурабайда өткен Ұлттық Құрылтай жиынымен тұспа-тұс келіп, онда тіл, тарих, мәдениет және ұрпақ тәрбиесі сияқты дәстүрлі құндылықтарымызды жаңғыртуға ерекше мән берілді.

Өзінің ынтымағы мен бірлігін берік тұғыр еткен жетісулықтар қоғам өміріне, Наурызды мерекелеу іс-шараларына белсене қатысуда. Бәріміз бірге берекемізді танытып, айналамызға қамқор бола білсек, қиындықтарды еңсерумен қатар, жақсы істердің жаршысы да бола аламыз. Күнделікті еңбегімізбен жеткен ортақ жетістіктеріміздің арқасында бүгін Наурызды жақсы көңілмен, жарқын сеніммен қарсы алып отырмыз.

Сіздерге мықты денсаулық, қуаныш пен шаттық тілеймін.

Наурыз әр шаңыраққа молшылық пен бақ-береке әкелсін.

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!